ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

МӘДЕНИ НЫСАНДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖАЛҒАСАДЫ

19:50, 14 қыркүйек 2021

 

ДИКТОР:  Пандемияға қарамастан көптеген сала мамандары жұмыс істеулерін тоқтатқан жоқ. Мәселен, мәдени ошақтар жоспарға сай іс-шаралар ұйымдастырып көрермендерін қуантуда. Өңірдегі көптеген мәдениет үйлерінің өзгерісті, жөндеуді қажет ететіні жасырын емес. Және облыста бұл бағыт бойынша көптеген жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы күнге дейін атқарылған шаралар «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының жанындағы «Miras» қоғамдық кеңесінің отырысында талқыланды.

РКС: Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әлем үнемі өзгеріп отырады, жаңа жетістіктер мен технологиялық үрдістер пайда болады, бірақ мәдениет пен ұлттық дәстүрлер өзгермейді» деген болатын. Шынымен де, пандемияға қарамастан, мәдени ошақтар жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Ақмола облысында алғаш рет жылсайынғы дәстүрлі «Рухани қазына-2021» республикалық фестивалі өтті. 

СНХ:  АЙГҮЛ СӘБИТОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, МҰРАҒАТ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Фестиваль аясында алғаш рет биылғы 2021 жыл Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің ұйғарымымен Көкшетау қаласы мәдени астана болып жарияланды. Бұл біз үшін үлкен мерей, үлкен жауапкершілік. Жыл бойы Қазақстанның өзге облыстарының мәдени және өнер мекемелері Көкшетау қаласына келіп өздерінің жетістіктерін насихаттап, көрме, концерт ұйымдастырып,  театр сахналарында қойылымдарын қалың көпшілікке паш ететін болады.///

РКС: Өңірде мәдени нысандарды жаңғыртуға көп көңіл бөлінуде. Олардың материалдық-техникалық базасы заманауи талаптарға сай. Барлық аудандық мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген, жоспарға сай кішігірім жөндеулер де жасалып тұрады. Одан бөлек, меценаттар бөлген 238 млн теңгенің көмегімен 25 клуб қалпына келтірілген.

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАНОВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Ауылдық клубтардың материалдық базасын нығайтуға үлкен көңіл бөлінуде. Атбасар ауданында, Жақсы ауданында, Жарғайың ауданында жаңа мәдениет ошақтары бой көтеріп жатыр. Ол да қуанарлық жағдай. Одан қалды, біздің мына мәдениет ошақтарындағы мәдениет ұжымдары үлкен жетістіктеге жетуде.///

СНХ: АЛЕКСАНДР АРТЁМЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ҚОҒАМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біз облыстық мәдениет басқармасымен тығыз байланыс орнатқанбыз. Көптеген іс-шаралар өткіземіз. Қазіргідей қиын қыстау заманда адамдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын шаралар өтіп жатқанын байқаймыз. Бұл ретте, облыстық әкімдік біраз жұмыстар атқаруда. Жастардың да мәдениет туралы ұмытпайтындары қуантады.//// 

РКС: Бүгінгі таңда Ақмола облысында 267 клуб бар. Оның 252-сі мемлекеттік, қалғаны меншіктің басқа түріне тиесілі. Ал, ауылды жерлердегі 247 мәдени нысанның 232-сін мемлекет есебінен қаржыландырылады.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...