ШҰҒЫЛ! АУТИЗМ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА ДЕНДЕП БАРАДЫ Толығырақ

МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

19:31, 22 қазан 2021

ДК: Көкшетауға қалың қазаққа танымал азулы ақындар Ұлықбек Есдәулет, Бауыржан Жақып пен көпшілікке айтыстан белгілі Дәулеткерей Кәпұлы келді. Сапар барысында Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының басқарма төрағасы Ақмола облыстық «Жазушылар одағы» филиалына жаңа директор тағайындады. Ел ағалары қаладағы кітапханалар жүйесімен танысып, шығармашылыққа жақын жастармен кездесті.

ЖКС: Жыр мерекесі электронды кітапханадан басталды. Онда ақын, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулет цифрлық форматта кітап оқудың маңыздылығына тоқталды. Басқа елдердің кітапханасы туралы айтып, көрген – білгендерінен сыр шертті. Басқа да қадірлі меймандар сөз алып, өлеңдерін оқып, естеліктерімен бөлісті.

ИНТЕРШУМ: (ДӘУЛЕТКЕРЕЙ КӘПҰЛЫ ӨЛЕҢ ОҚИДЫ)

ЖКС: Кейін ақындар «Балалар мен жасөспірімдер» және қалалық «Қазақ кітапханасына» барды. Жырсүйер қауым ағаларына көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, пайымды пікірлерін тыңдады. ал, қасиетті сөз өнерін ту қылып, түйінді ойды көркем ұғыммен жеткізетін ақындар жастарға шалқар шабыт тілеп, оқуда сәттілік тіледі. Кездесу Жанайдар Мусин атындағы Қазақ Педагогикалық Жоғары колледжінде жалғасын тапты. Білім ордасында басқарма төрағасы облыстық филиалдың жаңа директоры етіп, жас ақын Мерген Тоқсанбайды тағайындады.

СНХ:ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ, ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бізде негізі Жазушылар одағында жастарға көптеген акцент қойып жатырмыз. Себебі, үлкен адамдар жастарға емес, жастар үлкен адамдарға қызмет ету керек деген ұстаным бар. Оның үстіне, жастар қазір мобильді. Жаңа заманауи технологияларды меңгерген. Кішкене шапшаң қимылдайды, пысықтау болады деген сияқты..

ЖКС: Басқарма төрағасына колледж ұжымы арнайы құрмет көрсетіп, шапан жапты. Облыстық Жазушылар одағы филиалының директорын тағайындаудан бөлек, 7 қаламгер одақ мүшелігіне өтті.

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
17:26, 14 қаңтар 2022
БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...