ШҰҒЫЛ! СПОРТ ЗАЛДАРЫНЫҢ САНЫ КӨБЕЮДЕ Толығырақ

МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

17:19, 21 мамыр 2020

 

ДК: Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, дарынымен дараланған сала майталмандарына өңір тұрғындары атынан алғыс білдірді. Салтанатты жиында ақмолалық 25 өнерпазға түрлі дәрежедегі марапат ұсынылды.

РКС: Бүгінгі таңда ақмолалық 103 өнерпаз ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің салалық марапаттарымен дараланған. 5 мәдениет майталманы «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері атанған.  Олар өңір тұрғындарына сын сағтта қолдау көрсетіп, ел руханиятына қызмет етіп келеді.

СНХ: ГҮЛМИРА БЕКНАЗАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ///(ОРЫСША)///  Пандемия мәдениет саласына да ықпал етті. Біз барлық қоғамдық шаралардан бас тарттық. Концерттер мен көрмелерді онлайн форматта өткізудеміз. Карантин режимі басталғалы бері осындай мың жарым іс-шара ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

РКС: Көкше өңірі ежелден өнерпаздар өлкесі. Сал-серілерден қалған мұраны, театр, филармония қабырғаларында жаңғыртып, бабадан қалған жәдігерді жиған мәдениет майталмандарына қоғам қашан да құрмет көрсетіп келеді.

СНХ: АЙДОС ӘБУТӘЛІПОВ, ҚАЛАМГЕР, МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ///(ҚАЗАҚША)/// Қазақ халқының мәдениеті мен өнері ерте уақыттан бері баспалдақтап дамып келе жатқан сала ғой. Ол ешқашан тоқырап қалған емес. Сол заманның өзінде табиғат берген дарындар шығып, ешқандай университет көрмесе де халықты соңынан ерте білген. + 02/30  Егемендігіміз келіп, қолымызға барлық жағдай тиген уақытта өнеріміз жақсы дамып келеді. Дегенмен, әлі де   жетілдіретін тұстары да бар.  

СНХ: ҰЛБОЛСЫН ҚАМБАТЫРОВА,  І.ЕСЕНБЕРЛИН ӘДЕБИ МУЗЕЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ (АТБАСАР)///(ҚАЗАҚША)/// Биыл елімізде көптеген мерейлі даталар аталып өтуде. Соның ішінде Ілияс Есенберлиннің 105 жылдық, мұражайымыздың 20 жылдық мерейтойы. Осыған орай көптеген іс-шаралар ұйымдастырудамыз. Ақпан айында Семейдің Абай мұражайы келіп, бізде ұлы ақынның 175 жылдығына орай көрме өткеізді.

РКС: Облыс әкімі өнерпаздарды төл меркесімен құттықтап, мәдениет майданындағы қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///(ҚАЗАҚША/ ОРЫСША)/// Халқымыз ежелден өнері мен мәдениетіне ерекше мән беріп, оны бізге аманат етті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады», - деп,++ айтып өтті. Мәдениет саласының дамуы ұрпақтар мен халықтар арасындағы сенімді байланысты нығайтады. Жас азаматтарымыздың жоғары өркениетті, патриот болып өсуі осы мәдениет саласының дамуымен байланысты.

РКС: Мәдениет саласындағы 40 жылдан астам еңбегі үшін белгілі қаламгер Айдос Әбутәліпов ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Театр тарландары Болат Әбдірахманов пен Андрей Владимиров, облыстық филармония өнерпаздары Әбілсерік Қамашев пен Жұмабике Омаровалар «Мәдениет саласының үздігі» атанды.  

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».ф

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
13:17, 22 мамыр 2020
«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
Толығырақ...