
ДИКТОР: Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жасаған Жолдауына сәйкес кейбір мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көтерілмек. Нақтырақ айтсақ, бухгалтерлер, бағдарламашылар, техникалық мамандық иелері, музей, мұрағат және кітапхана қызметкерлерінің айлығы жоғарылайды деп күтілуде. Мәселен, кітапханашылардың жалақысы осы күні, шамамен, 89 мың болса, 2025 жылға қарай 178 мың теңгеге дейін өспек.
РКС: Қоғамның мәдени дамуы, көп ретте, кітапханалардың жаңғыруына байланысты. Бүгінгі таңда, Ақмола облысында 336 кітапхана бар. Президент кезекті Жолдауында 2025 жылға дейін мәдени сала қызметкерлерінің жалақысын көтеруді міндеттеген болтын.
Аударма 2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам мемлекеттік қызметкердің жалақысы көтерілді. Олардың қатарында мұғалімдер, дәрігерлер мен әлеуметтік сала қызметкерлері бар. Бірақ, басқа салада жүрген мемлекеттік қызметкерлердің айлығы өзгеріссіз қалды. Ол мәдениет саласының қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, аңшылар мен жүргізушілер және тағы басқалары. Сондықтан, 2022 жылдан 2025 жылға дейін мемлекет осы мамандық иелерінің жалақысын жыл сайын орташа есеппен алғанда 20%ке көтеріп отыратын болады.
РКС: Елімізде ауылдық кітапханаларға айтарлықтай көңіл бөлінуде. Мәселен, Бурабай ауданында, бүгінгі таңда, 32 кітапхана бар. Орталық кітапхана жүйесінде 47 адам еңбек етеді.
ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ДИДАР ӨМІРЗАҚ «КӨКШЕ АҚПАРАТ».