ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНА ҚОЛДАУ ЗОР

19:55, 29 шілде 2021

ДИКТОР: Тәуелсіздік алғалы еліміздің мәдениет саласында да айтарлықтай өзгерістер орын алды. Көптеген мәдени ошақтар бой көтерді. Соның бірі- Сандықтау ауданындағы «Сарыарқа» аудандық мәдениет үйі.

РКС: «Сарыарқа» аудандық мәдениет үйінде аудандық және ауылдық ауқымдағы қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі. Аудан орталығының мәдениет саласында 100-ден астам қызметкер еңбек етеді.  Айта кету керек, өткен жылы мәдениет ошағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

СНХ: АННА РУДИ, «САРЫАРҚА» АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Мемлекет тарапынан мәдениет саласына көп көңіл бөлініп жатыр. Осы жылы ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттен 288 млн теңге бөлінді. Мәдениет үйінде би залы, көрермендер залы және ғимараттың шатыры жөнделді. Жылыту жүйесі жүргізілді. Сондай-ақ, құрылғаннан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген мәдениет ошақтары жөнделді.

РКС: Қазіргі уақытта мәдениет үйінің құрамына мемлекеттік 23  шығармашылық ұжым кіреді. Сондай-ақ, 3 мыңға жуық қатысушысы бар 272 клуб бірлестігі мен үйірме де бар.

СНХ: МЕҢДІБАЙ КӨПЕБАЕВ, САНДЫҚТАУ АУДАНДЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 2018 жылы ауданымызда тарихи-өлкетану музейі ашылып, ауданымыз туралы тарихи деректер жиналып, экспонаттар жиналды. Қазіргі кезде мыңға жуық экспонат бар.  Жөндеу жұмыстары жүргізіліп, барлық селолық округтерде мәдениет үйлері жұмыс істеп жатыр. Жастар мәдениет үйіне келіп, өз өнерлерін көрсетіп, рухтарын көтеруде.

РСК: Әр жылы шығармашылық ұжымдардың репертуарлары жаңа әндермен, билермен толықтырылып, түрлі сахналық костюмдер дайындалады.

МАДИНА ҚАДЫРБЕК, НАТАЛЬЯ КИМ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...
 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...