ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАҢА ЗАҢНАМАНЫ ҚОЛДАУДА

19:26, 9 маусым 2022

ДК: Ақмола облысы бойынша дауыс беру қортындысы – 73, 81 пайызды құрады. 3918 жас буын белсенділік танытып, алғаш рет дауыс беру мүмкіндігіне ие болған. Заңнамадағы жаңа өзгерістер мен түзетулерді қолдаушылар ішінде Көкшетаулық мәдениет қызметкерлері де бар.

РКС: Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы. Ата Заңдағы 33 баптың 56 өзгерісі мен түзетулерін мәдениет саласы қызметкерлері бірнеше рет талдап, қызметкерлер арасында 3 рет түсіндірме жұмысын жүргізген. Бүгінгі күні бір топ мәдениет саласының майталмандары референдумда қолдап дауыс беріп, Жаңа Қазақстанның құрылып жатқанына бек сенімді.

СНХ: КҮНІМ ОРАЗБАЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:  Өткен жексенбі күні ел тарихында орын алатын үлкен елеулі оқиға референдум болып өтті. Қоғамдық тұрмыс тіршілігімізге тың  серпін беретініне, жаңа Қазақстанның құрылуына үлкен қадам басатын оқиға деп білеміз. Біз мәдениет қызметкерлері ел президенті ұсынған  Ата заңымызға енгізілетін барлық ұсыныстарды бір ауызбен қолдадық, өзіміздің азаматтық борышымызды орындадық және барлық президенттің жасап жатқан бастамаларын қолдайтын боламыз. «Халықпен ақылдасатын биліктің әрдайым аты озады» - деп жатамыз. Сол себептен әр бір азматтың жан-дүниесін, мерейін өсіретін, құқығын білдіретін  үлкен оқиға және еліміздің гүлденетініне кәміл сенімдіміз.

СНХ: ЕКАТЕРИНА АУҒАНБАЕВА, ДОСТАР МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ///аударма///Өз таңдауымды жасағаным үшін қуаныштымын. Әр азамат еркін таңдау жасауға құқылы. Өз дауысын беру арқылы, еліміздің болашағына өз үлесімізді қосамыз. Әр азамат үшін иеліміздің қарқынды даумы маңызды деп ойлаймын. Халқымыз өніп өссе деймін, әр дауыс береген азамат әрі қарай тәуелсіз елде, алансыз өмір сүруге  сенеді деп ойлаймын. Көкшетау қаласының жастары өте белсенді, жастардың қалай дауыс беруге келгенін өзім бақыладым біз әрі қарайда  президентіміздің бастамаларын қолдаймыз.

 

РКС: Мемлекет басшысы – Қасым-Жолмарт Тоқаев: «Жаңа Қазақстанды құру елді дамыту парадигмаларын өзгертуге бағытталған. Біз әр қадамымызды саралап, таңдаған жолымызбен алға сенімді қадам басамыз. Біз жаңа Қазақстанда «түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт» қағидатын берік ұстануға тиіспіз. Диалог пен мәміленің жоғары мәдениеті еліміздегі азаматтық ынтымақты арттыратын басты фактордың біріне айналады» - деген болатын.

 

ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...