ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

19:20, 1 маусым 2022

ДК: Бүгін облысқа еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев көп жылғы еңбегі мен ел мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті. «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен 10 құрметті мәдениет қызметкері марапатталды.

 

РКС: Соңғы 3 жылда облыста 85 мәдениет нысаны жөнделді. Былтыр 5 пайдалануға беріліп, 23-і жөнделді. Биыл тағы 15-ін салу жоспарлануда. Бұл Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Егіндікөл, Ерейментау, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын аудандары мен Степногор қаласындағы мәдениет үйлері, ауылдық клубтар, мұражайлар мен саябақтар.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Облыстың көркемөнерпаздар ұжымдары 100-ден астам халықаралық, республикалық байқауларға қатысып, 54 Бас жүлдені жеңіп алды. Халық шығармашылығын сараптау барысында 80-нен астам жаңа есімдер мен 180-ге жуық шығармашылық ұжым анықталды. 600-ден астам қолөнершілер түрлі жанрда жасалған 3200 туындыны ұсынды. Мұның бәрі халық шығармашылығының шынайы қайнар көздеріне деген шексіз қызығушылықты көрсетеді.

РКС: «Жыл үздігі – 2022» облыстық байқауында жеңімпаз атанған 4 мәдениет қызметкеріне диплом мен 300 мың теңгенің сертификаты табысталды. Мәдениет жүйесіндегі инновациялық қызметі және мәдениет жүйесін қалыптастырудағы қызметі үшін облыстың 3 өнерпазы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Олардың қатарында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының симфониялық оркестрінің бас дирижері – Берік Сарыбай да бар. Жас жігіт өз мамандығының ерекше маңыздылығын атап өтеді.

СНХ: БЕРІК САРЫБАЙ, ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРДІҢ БАС ДИРИЖЕРІМузыка, психология,жағынан өзінмен көп жұмыс істеу керек. ++ Барлық әріптестерімді, мәдениет саласының қызметкерлерін бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Шығармашылық табыс тілеймін. Көбірек жақсы жобалар бар әрине

ТАҚЫРЫП: ОБЛЫС ӘКІМ БАЛАЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕМЕН ТАНЫСТЫ

РКС: 1 маусым – Балаларды қорғау күні. Бүгін Абылайхан алаңына түрлі шаралар өткізілді. Бүлдіршіндер  өз қабілеттерін көрсеттіп,  театрландырылған көріністер қойды. Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған көрмені облыс әкімі Ермек Маржықпаев тамашалады.ИНТЕРШУМ: Театр

РКС: Жыл сайын 1 маусымда балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде халық алдында көрсетілім қойылымдары көрсетеді..

СНХ: ӘЛІМЖАН МОЛДАҒАЛИЕВ – БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСТАПКЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ///қаз/// Бүгінгі күн тек балалар үшін ғана емес, біз үшін де үлкен мереке. Біз үшін ең бастысы – дені сау, спортқа бейім жас ұрпақтарды тәрбиелеу.

ДИНАРА СМАЙЛОВА,АЙГЕРИМ БЕГЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АМИР КОЙШИБАЕВ. КОКШЕ АКПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...