
ДК: Бурабай ауданында медицина қызметкерлерінің арасында «Денсаулық» облыстық спартакиадасы өтті. Бұл спартакиада облыс көлемінде 3-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. Жарысқа 25 медициналық ұйым, 400-ге жуық медицина қызметкері қатысты.
РКС: Спартакиада «Сенім» медицина қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен өткізілді. Медицина ұйымдарының арасындағы спартакиаданың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері арасында үздік спортшыларды анықтау.
СНХ: СЕРІК КӘКЕНОВ, «SENIM» МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Медицина мен спорт – біртұтас. +++Спорт – денсаулық кепілі. Мен спартакиадаға қатысып жатқан медицина қызметкерлеріне алғысым шексіз. Қатысушылардың бәрі медицина саласының мамандары. Барлығы міне тамаша ауа-райында орман баурайына бас қосты.Бұл шара осымен аяқталмайды. Алдағы уақытта өз жалғасын табады
РКС: Спорт – адам өмірінің ажырамас бөлігі екені белгілі. Дене шынықтыру және спорт иммундық жүйені нығайтып, түрлі аурулардан сақтануға мүмкіндік береді дейді медицина қызметкерлері. Жарысқа қатысушылар тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шағын футбол, шахмат, волейбол спорт түрлерінен бақ сынады.
СНХ:АЙГҮЛ ХАБИБУЛЛИНА, ҚАЛАЛЫҚ КӨБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Біздің қалалық аурухананың 22 адам келдік. Олар спорттың барлық түріне қатысады. Мұндай жарыстар бізде жыл сайын өтеді. Біз әр жыл сайын қатысып отырамыз. Әртүрлі жарыстарға қатыса отырып өз арамызда да ойындар өткіземіз. Менің ойымша дәрігерлер салауатты өмір салтын насихаттап, сол арқылы басқа адамдарға үлгі көрсетуі керек.
РКС:Екі күнге созылған жарыста денсаулық сақтау қызметкерлері әдемі ойын өрнегін көрсете білді. Спартакиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталып, ақшалай сертификаттар табыс етілді. Жалпыкомандалық есепте көпсалалы облыстық аурухана қызметкерлері топ жарды.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ