ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

19:52, 15 маусым 2022

ДК: Жарқайың ауданында  медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Салтанатты жағдайда ауданның 60 дәрігері марапатқа ие болды.

РКС: Облыста 14 мың адам тұрады, олардың әрқайсысына  медициналық көмек қажет. Ауданда халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін амбулаториялық хирургиялық орталық ашу жоспарланып отыр. Ақ халаттылардың кәсіби мерекесінің қарсаңында ұйымдастырылған шара барысында медицина қызметкерлерінің денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі мен кәсіби жетістіктері атап өтілді.

СНХ:БЕКЖІГІТ СӘРСЕНОВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Осы жерде қызмет етіп жүргеніме көп уақыт болған жоқ. Мұндағы аурухананың жағдайы жақсы екенін атап өткім келеді. 2016 жылы пайдалануға берілген, мұнда 20-дан астам дәрігер мен 90 медбике жұмыс істейді.

СНХ:ҚАРЛЫҒАШ  БАЙЖҰМАН, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНДЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Мен кәсіби еңбек жолымды  колледжге оқуға түскеннен кейін медицина қызметкері ретінде бастадым. 1984 жылы акушер мамандығы бойынша білім алып шықтым.   Дәрігер қоғамға ең қажетті мамандық деп есептеймін. Осы мамандықты таңдаған жас ұрпақтың қашан да, ақкөңіл, мейірімді болғанын қалаймын. Өз ісін сүйе отырып, кәсіби шеберліктің шыңынан көрінуге болады.

РКС: Медицина саласы мамандарының тапшылығы ауданда ғана емес,  облыс бойынша ортақ проблема. Бүгінгі таңда Жарқайың ауданында 23 дәрігер жетіспейді. Аймаққа денсаулық сақтау саласы кадрларын тарту бағытында жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

РИЗА ТӨЛЕГЕН , ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ДИДАР ӨМІРЗАҚ. КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...