ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЛАЙЫҚТЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ МАҢЫЗДЫ

19:25, 7 қазан 2021

ДИКТОР: Пандемия кезінде тек Қазақстан ғана емес, сонымен қатар, бар әлемнің тұрмыс салты, экономикасы, әлеуметтік жағдайы үлкен өзгеріске ұшырады. Дүние жүзі мемлекеттері коронавирус инфекциясына қарсы күресуде бірікті. Еліміздің денсаулық сақтау саласында да біраз бетбұрыстар орын алды. Әсіресе, медицина қызметкерлерінің карантиндағы қолайлы жұмысы үшін жасалып жатқан шаралардың саны артып келеді. 

РКС: Коронавирус пандемиясы салдарынан карантиндік режимге енгенімізге шамамен 1,5 жылдай болды. Бұл уақыт аралығында біз көп нәрсе үйрендік. Бүгінгі күні  COVID-19-бен күрес жолында өз бағытымызды қалыптастырудамыз. Соның ішінде, ақ халатты жандардың жағдайын жақсартудың маңыздылығы арта бермек. Өкінішке орай,  жасалып жатқан шараларға, іс-әрекеттерге қарамастан медицина қызметкерлерінің арасында инфекцияның таралуы әлі де тоқтар емес. Ақмола облысында да бұл мәселе аса өзекті. Оның шешімін табу мақсатында денсаулық сақтау басқармасы «Ақниет» медицина саласы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағымен бірікті. 

СНХ: ҚАСЫМЖАН ТАШМЕТОВ, «AQNIET» ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгінгі күні Қазақстанның денсаулық сақтау саласында әртүрлі іс-шаралар атқарылып жатыр. Өткен жылы COVID-19 пандемиясы басталғалы бері елімізде медицина саласын дамытуға, халықтың денсаулығын қорғауға бағыттылған іс-шаралар, бағдарламалар күшейтілді. 2020 жылы наурызда басталған пандемия жер шарындағы миллиондаған адамның өмірін алып кетті. Ал, біздің медициналық қызметкерлер іңдеттің қауіптілігіне қарамай, өз денсаулықтарының, өз өмірінің қауіптілігіне қарамай, жанкештілік қызметтер атқарды.

РКС: Конференция ««COVID-19» пандемиясы. Жайлы жұмыс орнын, эпидемиологиялық талаптарды, әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету-қызметкерлерлердің қауіпсіздігі» тақырыбында өрбіді.

СНХ: НАРИМАН СЫЗДЫҚОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Біздің өңірде осындай халықаралық конференцияның ұйымдастырылып отырғанына өте қуаныштымын. Қазіргі кезде медициналық қызметкерлердің жағдайын жақсарту мәселесі өзекті. Бұл жұмысқа кәсіподақ комитеті, медициналық ұйымдар, жергілікті атқарушы органдар басқа өңірлерден келген профессорлар мен дәрігерлер тартылып отыр.

СНХ:АНДРЕЙ ДМИТРОВСКИЙ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР  (Алматы қ.): Біз, әрине, мұндай қиындықтарға дайын болған жоқпыз. Коронавирустың бірнеше қиын толқындары болды. Медициналық қызметкерлердің де жағдайы ауыр. Олар күн сайын коронавирусқа шалдыққан жандармен жұмыс істейді. Өздері де жұқтырады. Бұның алдын-алу үшін қарапайым шараларды ұмытпауымыз қажет, яғни, маска тағу, арақашықтықты сақтау керек. Сонымен қатар, ең маңыздысы-вакцина. Медициналық қызметкерлердің барлығы коронавирусқа қарсы екпені алулары қажет.

РКС: КонференцияМолдова, Ресей, Беларус, Германия, Қырғызстан мемлекеттерінің қатысуымен өтті. Олар жиналған тәжірибелерімен бөлісіп, біздің мамандарымызға өз бағыттарын таныстырды.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...