ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

МЕДИЦИНА САЛАСЫНА 73 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

19:16, 30 маусым 2022

ДК: Жергілікті жедел жәрдем қызметіне халықтың көңілі толмайды. Оған жедел жәрдем бригадасының жетіспеушілігі себеп болып отыр. Салдарынан халық сағаттап кезек күтуге мәжбүр. Түйіткілді мәселені елорда іргесіндегі елді-мекендер шеше алмай әлек. Ашынған халық тіпті петиция ұйымдастыруды жоспарлауда. Бұл туралы кеңейтілген жиын барысында облыс әкімі Ермек Маржықпаев атап өтті. Өңір басшысы тиісті сала мамандары  мәселені шешуді тапсырды.

РКС: Жедел жәрдемнің жыры. Ашынған бұқара базынасын айтып, облыс әкіміне дейін шыққан. Олардың қатарында Целиноград, Қосшы, Аршалы аудандарының тұрғындары бар.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Сіздерге Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы елді-мекендерден көп шағым түсіп жатыр. Не болып жатыр? Сол маңдағы жергілікті тұрғындар петиция жинап жатыр сіздерге. Біз барған кезде әдемілер тұрып көрсетесіздер ғой. Нәтижесі болса осы. Халық 2-3 сағаттап кезек күтуде.

РКС: Ал, жедел жәрдем станциясының бас дәрігері мәселенің мән-жайын былай түсіндірді. Оған жергілікті тұрғындардың аудандағы емханаға тіркелмеуі себеп,-дейді. Яғни елорда іргесіндегі халықтың дені Нұр-Сұлтан қаласында тіркеуде тұр. Ал, балтыры сыздап, басы  ауырса жергілікті жедел жәрдемнің көмегіне жүгінетін көрінеді. Бірақ...

СНХ: АЛЕКСАНДР ВЫСОЦКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Бірақ бұл адамдардың қаржысы Нұр-сұлтан қаласына түседі. Себебі олар сол жердегі медициналық ұйымдарға тіркелген. Соның салдарынан бізде бригада мен қаржы тапшылығы пайда болады. Жалпы жылына бір бригаданы қамтасыз етуге 40 млн.теңгеден астам қаржы жұмсалады.

 

РКС: Облыстық денсаулық сақтау басқармасы алдағы уақытта осы олқылықтың орнын толтыруға сенім білдірді. Жалпы аймақтағы медицина саласына мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетілген. Тек осы жылдың өзінде бұл салаға бағытталған қаржы көзделген 73 млрд.теңге.

СНХ: НАРИМАН СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Оның ішінде медициналық әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты – 67,5 млрд. теңге, республикалық бюджет – 3,8 млрд. теңге және жергілікті бюджет есебінен 1,8 млрд. теңгені қарастырылған.  Жалпы, материалдық-техникалық базаны нығайтуға 1,3 млрд. теңге, күрделі жөндеуге – 35,6 млн. теңге қарастырылған.

РКС: Сонымен қатар, жиында өңірдің 5 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші баяндалды.  Бұл бағыттағы динамика көңіл куантады.

СНХ: ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Өнеркәсіп, негізгі капиталға инвестициялар, құрылыс, инфляция көрсеткіштері бойынша республикалық ауқымда өңір бірінші бестікке енді, өңдеу өнеркәсіп бойынша – 6 орында, ауыл шаруашылығы көрсеткіші – 9 орында  сауда (және орташа айлық жалақы бойынша 13 орында, тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша – 11 орында тұр.

РКС:  Өңір басшысы Ермек Маржықпаев барлық сала бойынша осы динамиканы сақтап, оны әрі қарай жандандыру керектігін атап өтті. Осы мақсатта аудан әкімдері мен басқарма басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді.

 

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
13:09, 21 шілде 2022
COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
Толығырақ...
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 29 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
13:00, 21 шілде 2022
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 29 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ БАР
12:59, 21 шілде 2022
ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар