ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ТОСҚЫН Толығырақ

МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДЕ КАРАНТИН ЖАРИЯЛАНДЫ

17:29, 18 наурыз 2020

ДИКТОР: Ақмола  облысында  31  адам  карантиндік  госпитальда  жатыр. Олардың жағдайы тұрақты. Үнемі бақылауда. Бесеуі үйге шығарылды.  Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы Сүлен Ілиясов мәлімдеді. Ал 34 адам үй карантинінде.  

РКС: Кеше Мәскеуден келген Атбасар ауданының 3 азаматы стационарға жатқызылды. Бұлар бір отбасының мүшелері. Олардың балаларының дене қызуы көтерілген. Алайда вирус белгілері анықталмады. Қазір өңірде жағдай тұрақты. Коронавирус індетіне шалдыққандар тіркелмеген. Аймаққа шетелден ұшақпен келген 14 адам инфекциялық ауруды анықтау мақсатында қан тапсырды. Сараптама қорытындысы коронавирус дертінің жоқ екендігін   анықтады. Қазір облыстағы барлық медициналық ұйымдарда карантин жарияланған. Науқастардың жағдайын сұрай келгендер ауруханаға кіргізілмейді. Ал емделіп, қараламын деушілерге, жедел көмекке мұқтаж жандарға есік ашық.

 

СНХ: СҮЛЕН  ІЛИЯСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ/// РУС/  Біздің өңірдегі инфекциялық бөлім облыстық  тубдиспансерде  орналасқан. Ал болжалды бөлім тері-венерологиялық диспансерінде. Карантиндік госпиталь жоғары медициналық колледжінің жатақханасында дайындалған. Қандай да бір жағдай орын алса, медициналық қызметкерлеріміз дайын. Госпитальдық карантинға әр адам тұрғылықты мекенжайы бойынша жіберіледі. Яғни, облыс орталығына келудің қажеті жоқ. Ал тұрғындарға мүмкіндігінше үйде болыңыздар дегім келеді.

 

РКС: Ведомство өкілі өңір тұрғындарына көп адаммен байланысқа түспеуге шақырды. Өйткені, әлем тәжірибесіне сай, барынша сақтық шараларын ұстанып, үйде болған абзал. Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны  36-ға жетті. Қазір өңірдегі қоғамдық орындар жабылып, бірқатар мекеме қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істеуде. Сондай-ақ алдағы екі аптаның ішінде онлайн кеңес беру жұмысы іске қосылмақ. Мәселен, алыс аудандардағы емделушілерге облыс дәрігерлерінің әлдебір сырқатқа қатысты сараптама қорытындысы қажет болса, оны онлайн түрде алуға болады.

 

АЙГҮЛ  МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, САБЫР ҚҰЛАТАЙ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
19:39, 13 сәуір 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ САХНАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЮЗИКЛІ
19:34, 13 сәуір 2021
ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ САХНАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЮЗИКЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 150 ЖЫЛ!
19:40, 7 сәуір 2021
ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 150 ЖЫЛ!
Толығырақ...
ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫН ҚОРҒАУ КЕЗІНДЕ ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫ ЕСКЕ АЛУ КҮНІ
19:42, 7 сәуір 2021
ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫН ҚОРҒАУ КЕЗІНДЕ ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫ ЕСКЕ А...
Толығырақ...