ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 2 ЕСЕГЕ ҰЛҒАЯДЫ

13:06, 25 қаңтар 2021

ДК: Былтыр республика бойынша міндетті  әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы жарналар мен аударымдар  550 миллиард теңгеден асты. Ал, өңір бойынша 8,9 миллиард теңгеге жуық қаржы түскен. Амбулаториялық-емханалық деңгейде 1 миллион 429 мың медициналық қызмет көрсетілді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалы өткен жылды қалай қорытындылады? Тілшіміз Тілек Қайыржан баяндайды.

РКС: Қорға түскен барлық қаржы халыққа медициналық көмек көрсетуге жұмсалады. Былтыр 50 миллиард теңгеге жуық медициналық қызмет түрін алуға бағытталды. Облыс бойынша 600 мыңдай адам сақтандырылған.  Айта кетейік, Ақмола облысы халқының саны – 735 489.

СНХ: ӘЛИЯ ЖҮСІПОВА, МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ///аударма///Былтыр амбулаторлық-емханалық деңгейде 1,5 миллиондай медициналық қызмет көрсетілді. Мұндай көмекті қаржыландыруды жыл сайын ұлғайту қордың басым бағыттарының бірі. Өздеріңіз білесіздер, былтыр Ақмола облысы жылжымалы 8 медициналық кешен сатып алды. 94 мың 882 елдімекен тұрғынын қамту үшін 503 миллион теңгеден астам қаржы қарастырылды.   

РКС: Айта кету керек, жылжымалы-медициналық кешеннің арқасында дәрігерлердің бригадасы шалғайдағы елдімекен тұрғындарының денсаулығын толық тексеруден өткізуге шыға алады. Сонымен бірге сол жетде қажетті медициналық көмек көрсетуге де мүмкіндік бар. Былтыр күндізгі стационарға емдеуге жатқызылғандар саны 40 мыңнан асты. Оның ішінде 23 мыңнан  артығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен емделді. Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда 109 мыңнан астам пациент ем алды.

СНХ: ӘЛИЯ ЖҮСІПОВА, МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ///аударма///Міндетті медициналық сақтандыру және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі есебінен аса қымбаттұратын жоғары технологиялы 254 операция жасалды. Мұндай жолмен емдеудің орташа құны 2 миллион 200 мыңгедей. Мұндай операциялар көпбейінді облыстық 2 ауруханада жасалады. Жоғары технологиялық медициналық қызметтің 78 түрі көрсетіледі. Оған қала тұрғындарымен қатар шалғайдағы елдімекендердің халқы да жүгіне алады. Басты шарты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында тіркелген болуы қажет.     

РКС: Міндетті әлеуметтік медициналық смақтандыру қоры халық үшін сауықтырудың қолжетімділігін арттыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Биыл 24 медициналық ұйым осы жұмысты жүргізуге ниет білдіріп отыр. Бұл жұмыстарға 2 миллиард 445 миллион теңге шамасында қаржы қарастырылған. Бұрнағы жылмен салыстырғанда бұл 8 ұлғайды. Сондай-ақ пациенттерді сауықтыру қызметіне коронавирус инфекциясымен ауырып тұрғандарды да емдеу қарастырылған. Бұл үшін 106,3 миллион теңгеге 3085 қызмет көрсету көзделіп отыр. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, қауіпті індетпен күрескен 3 мыңнан астам медицина қызметкеріне қаржылық қолдау көрсетілді. Бұл мақсатта 4.7 миллиард теңге бағытталды. Бұл жұмыс биыл да жалғасын табады, -деді қордың өңірлік жетекшісі. Айта кетейік, биыл медициналық оңалтуды қаржыландыру республика бойынша 9 есеге, облыс бойынша 2 есеге ұлғаймақ.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...