ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ 400 АДАМ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ Толығырақ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАДЫ

20:55, 9 қараша 2021

 

ДК: Ақмолалық кардиохирургтар литвалық әріптестермен ынтымақтастық орнатып, тәжірибелерімен алмасып жатыр. Литвадан келген жетекші кардиохирург Альгимантис Будрикистің жетекшілігімен күрделі операция жасалды. Облыстағы медицина мекемелерінің қызметкерлері операцияның барысын онлайн режимде бақылады.  

РКС: Ақмолалық дәрігерлер максатты межені орындады. Олар жұмыс істемейтін клапандарға қол тигізбей немесе жасанды клапандармен алмастырмай-ақ, науқас жүрегінің жұмысын қалпына келтірді. Бұл операцияға қатысушылар үшін бірегей шеберлік сабағы болды. 

СНХ: НАРИМАН СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Дәрігерлеріміз біліктілігін арттырп қана қоймай, жаңашылдықтарды да жетік меңгеріп жатыр. Халықаралық мамандардың қатысуымен өтетін шеберлік сабақтарын жиі  өткіземіз деп отырмыз. Бұл облыс дәрігерлерінің заманауи медицинадан қалыс қалмай, республикада да толағай табыстарға жетуіне сеп болмақ.

РКС: Каунас медициналық университетінің клиникасымен ынтымақтастық ұзақ жыл бойы жалғасып келеді. Шеберлік сабағы көпсалалы облыстық ауруханасының бастамасымен өтіп отыр.

СНХ: АЛГИМАНТИС БУДРИКИС, КАРДИОХИРУРГ /ЛИТВА: Бірде менің бастығым, профессор Римантас Денетис хирургтың шәкірті болу керек деп айтты. Оқушысы болмаса, оның білімі де уақыт өте келе ұмытылады деген сөз. Әріптестеріме бар білетінімді үйрету арқылы өзімді толыққанды, білікті маман ретінде сезінемін. Бұл ең жақсы әдіс, идеяларыңызды алға жылжытудың таптырмас жолы.

РКС: Шетелден шақырылған маманның қатысуымен өткен шеберлік сабағы – ақмолалық кардиохирургтер үшін құнды тәжірибе. Бұған дейін күрделі деген операциялар Нұр-Сұлтан қаласында өткізілетін.  Енді шетелдік жетекші мамандардың тағылымдамасынан өткен  ақмолалық дәрігерлер үмітті ақтауы керек. Қазірдің өзінде жоспарлы 12 операция  жасалған.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ИВАН ОДНОРОГ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ  ӨСЕДІ
17:50, 19 тамыз 2022
МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
19:07, 15 тамыз 2022
ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
Толығырақ...