ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

МЕЙІРІМ МЕН ЖЫЛЫЛЫҚҚА ТОЛЫ ӘСЕРЛІ КЕШ

20:30, 11 қараша 2021

 

ДИКТОР: Бала қиялы алысқа жетелейді. Ақкөл ауданындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушіәлерінің көңілін аулауға «Феникс» орталығының волонтерлары аттанды. Ата-ананың аялы алақанын көрмей өсіп келе жатқан бүлдіршіндерге бір сәтке болсын жылылық сыйлауды мақсат еткен әдемі кеш ұйымдастырылды.  

РКС: Жақында ғана бастау алған «Волонтерлар мектебі» атты жобаға қатысуға ниет білдірген белсенді жастардың қатары көбейіп келеді. Мектептің волонтерлары алдымен ата-ананың қамқорын сезінбей өсіп келе жатқан балалар үйінің бүлдіршіндерімен кездесуді ұйғарыпты. Екі апта ішінде «Феникс» орталығының волонтерлары жұмыс жоспарын құрып, түрлі реквизиттер жасап үлгерді.  Орталық үшін бұл кездесу олардың қызметіндегі алғашқы тәжірибе десе де болады.  

СНХ: ЖАННА ГЕНШ, «ФЕНИКС» ВОЛОНТЕРЛАР ОРТАЛЫҒЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Балалардың қатты толқығанын олардың көздерінен анық аңғаруға болады. Бәрі ұнаған сияқты. Бұдан әрі де байланысымызды үзбейміз. Қызықты ойындар өткіздік, бағдарламалар ойластырдық.  Бұл кездесуді «Думан» жасағының вожатыйларымен бірлесіп өткіздік.  

РКС: Бұл кездесудің волонтерлар үшін де маңызы зор екендігін айта кету керек. Олар әр бүлдіршінге көңіл бөліп, қуантуға тырысып бақты. Тәрбиеленушілердің де ризашылығы шексіз.  

СНХ: АРИАНА ФАСХУТДИНОВА, БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ: Бәрі өте керемет өтті. Біздердің көңілімізді осылай аулап жатсаңыздар, ол өздеріңізге еселеніп қайтсын дегім келеді. Бұл кездесу осымен тоқтап қалмайды деген үміттеміз.  

РКС:  Кездесу соңында балалар үйінің бүлдіршіндеріне тәтті сыйлықтар таратылды. Арнайы дайындалған 200 тәтті тоқашқа риза болған балаларды көргенде, өзіміз де балалық шаққа саяхат жасағандай болдық,-дейді волонтерлар. Мұндай кездесулер  алдағы уақытта да жалғасын таппақ.  

ИНТЕРШУМ

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...