ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ 400 АДАМ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ Толығырақ

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ НҰРОТАНДЫҚТАРДЫҢ НАЗАРЫНДА

21:30, 19 қазан 2021

 

ДИКТОР: Мектеп-интернаттардың әлеуетін қайтсек арттырамыз?! Нұротандықтар осы мәселенің шешу жолдарын іздеді. Партия жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Қоғамдық Кеңестің отырысында мектеп-интернаттардың бүгінгі ахуалы талқыланып, мониторинг шеңберінде анықталған түйткілдерді шешудің нақты мерзімдері мен жолдары айқындалды.

РКС: Бүгінгі таңда, облыста 27 мектеп-интернат бар. Дегенмен, оның тек 24і ғана толыққанды жұмыс істейді екен. Білім ордаларының жұмыс сапасын тексеру мақсатында нұротандықтар мониторинг жүргізді. Оның барысында интернатта тұру жағдайына, жалпы білім ұйымдарының ахуалына қатысты бірқатар мәселелер анықталды. Айталық, Көкшетау қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатындағы сыныптар мен жатын бөлмелер талапқа сәйкес келмейді. Облыстық білім басқармасы жетекшісінің орынбасары Валерий Гамазовтың айтуынша, оқу ордасына жаңа ғимарат салу жобасы әлі мақұлданбапты.

СНХР: ВАЛЕРИЙ ГАМАЗОВ – ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мектеп-интернаттардың материалдық-техникалық базасын нығайтып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті қаражат бөлініп тұрады. Дегенмен, интернаттарға жиhаз, жұмсақ инвентарь, техникалық құрылғылар әлі де жетіспейді. Оқушылардың жағдайын жақсарту мақсатында өңірдегі 10 мектеп-интернатта күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Аталған жұмыстарды 2025 жылға дейін аяқтауды көздеп отырмыз. ///

РКС: Ал, осы күні өңірдегі 3 бірдей мектеп-интернаттың ғимараты бос тұр. Олар Бұланды, Біржан сал, Шортанды аудандарында орналасқан. «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов жауапты мамандарға сол ғимараттарды мақсатты пайдалану бойынша нақты ұсыныстар дайындауды тапсырды.

СНХР: ҒАЛЫМ БЕКМАҒАМБЕТОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл мекемелерді аудан әкімдігінің коммуналдық жеке меншігіне беруге болады ғой. Олар тиімді пайдаланады. Сондай-ақ, бұл мәселені шешуде мұқият болған жөн. Аталмыш интернаттар жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған. Менің байқауымша, бұл санаттағы балалар саны азайып келеді. Яғни, интернаттардың бос тұрмауының алдын алып, жергілікті атқарушы органдарға берген дұрыс.///

РКС: Сондай-ақ, биыл Көкшетау қаласындағы №4 облыстық арнайы мектеп-интернатына қосымша ғимараттың құрылысы бастау алды. Жобаның сметалық құны 783 млн.теңге. Ғимарат 2022 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ  ӨСЕДІ
17:50, 19 тамыз 2022
МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
19:07, 15 тамыз 2022
ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
Толығырақ...