ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

МЕКТЕП: САНИТАРЛЫҚ САҚТЫҚ ҮШІН 70 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

19:39, 2 наурыз 2021

ДИКТОР: 1 наурыздан бастап елдегі 1-5 сынып оқушылары үшін сабақ аралас форматта өткізілуде. Бұған республиканың  санитарлық бас дәрігерінің 27 ақпандағы қаулысы негіз. Дегенмен білім ошақтарында санитарлық талаптарды сақтау қатаң қадағаланады.

СНХ: БЕЙБІТ ЖҮСІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ(АУДАРМА)///Бұл қаулы осы уақытқа дейін қашықтан оқып келген мектептер мен кезекші сыныптарға байланысты. 3-ші тоқсаннан бастап мұндай аралас форматқа бітіруші сыныптар көшкенін білесіздер. Яғни, оқу бағдарламасының 70 проценті оффлайн режимде, 30 проценті онлайн. Бүгінгі күнге дейін  Ақмола облысының  1-5 сыныптарында 3813 кезекші сынып жұмыс істеп келді. Онда 43 мыңнан астам оқушы білім алды.

РКС: Бұған дейін білім ошақтарында тамақтануға тыйым салынып келген еді. Енді облыстың санитарлық бас дәрігерінің қаулысымен мектеп асханасының 50 процентіне дейін  толтыруға болады. Жалпы білім беру ұйымдарына қатысты соңғы өзгерістер  ата-аналар тарапынан бірқатар түсініспеушілік те туғызып отыр,-дейді білім басқармасының жетекшісі Бейбіт Жүсіпов.

СНХ: БЕЙБІТ ЖҮСІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ (аударма)///:Осыған дейін қашықтан білім алып келген оқушылардың ата-аналары бұл шешімді түсінбей жатыр. Балаларының әрі қарай да қашықтан оқуын сұрап отыр. Егер баланың денсаулығында қандай да бір қарсы көрсеткіштер болса немесе коронавируспен ауырғандармен байланыста болған жағдайда қашықтан оқуды жалғастыруға рұқсат.

РКС: Білім беру ұйымдарында санитарлық талаптарды сақтау үшін жергілікті бюджеттен қосымша 70 млн. теңге бөлініпті. Брифингте сөз болған тағы бір мәселе – кәсіптік білім беру ұйымдарының техникалық базасын жетілдіруге бағытталған «Жас маман» бағдарламасының жалғасы. Былтыр жоба аясында облыстағы 5 колледж нарықтағы озық технологиялармен жабдықталған.

СНХ: БЕЙБІТ ЖҮСІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:  Биыл тағы 6 колледж аталмыш жобаға қытысып жатыр. Қазірдің өзінде техникалардың алғашқы легі жеткізілді. 1 қыркүйекке дейін оқытушылар жаңа техника негізінде оқытудан өтеді. Бұған республикалық бюджеттен  1 млрд 700 млн теңге және облыстық бюджеттен 170 млн теңге қаржы бөлінді.

РКС: Аталмыш жоба аясында  кәсіптік білім беру ұйымдарының нарық сұранысына сай маман даярлауына жағдай жасалмақ. Бүгінде колледж түлектерінің 70 проценті алғашқы жылы-ақ жұмысқа орналасып кетеді. Дегенмен бұл ақпарат шикі болуы мүмкін, - дейді Бейбіт Жүсіпов.  Өйткені мамандық бойынша жұмыс істейтіндердің мағлұматы оқу бітірген  алғашқы жылы ғана тексерілетін көрінеді.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ,  КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...