ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРЕТІН 23 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

21:26, 25 қазан 2021

ДК: Ел тәуелсіздігінің үш онжылдығында балалаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету ісіне тың серпін берілді. Облыс орталықтары мен аудандарда, тіпті, ауыл – аймақтарда балабақшалар ашылып, шағын орталықтар бой көтерді. Осындай мекемелер Жарқайың ауданында есігін айқара ашты. Бүгінгі күні мұнда 23 балабақша мен бөбекжай жұмыс істейді.

ЖКС: Жарқайың ауданы бойынша 10 балабақша мен 13 шағын орталық жұмыс істейді. Онда барлығы 700-ге жуық балапан тәрбиеленуде. Өскелең ұрпаққа 91 педагог білім мен тәрбие беруде.

СНХ: ГҮЛЖАН ИСАЕВА, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ: Балаларды қамту: 1-6 жас аралығында - 88,6%, 3-6 жастан бастап-100%. Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі тәрбие-білім беру процесін педагог қызметкерлер жүзеге асырады. Барлық балабақшалардағы пәндік-дамытушылық орта жаңартылады және толықтырылады, оны құру принциптеріне сәйкес келеді. Ойын іс-әрекетін дамыту, қозғалыс белсенділігін ұйымдастыру үшін жағдайлар жасалған.Мектепке дейінгі мекемелер қызметінің басым бағыты Денсаулықты сақтау және нығайту, дене тәрбиесі болып табылады. Тәрбиеленушілердің мектепке дейінгі мекемелерде болуының медициналық-әлеуметтік жағдайлары білім беру процесінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді.

ЖКС: Балабақша педагогтары әрдайым білімдерін жетілдіріп, жаңаша әдістемелерді меңгеруде. Таяуда өткен облыстық «Қазақстандық педагог-2021» байқауында «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі «Эрудит-педагог» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Аталмыш балабақша 2009 жылы ашылған. 120 орындық мекемеде 6 топ жұмыс істейді.

СНХ: ЖҰПАР БАЛДАЕВА, «БАЛДЫРҒАН» БӨБЕКЖАЙЫНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ: 16 педагог еңбек етеді. Барлық педагогтар түрлі деңгейдегі айыстардың жеңімпаздары. Бала - өмірдің гүлі, келешегі. Ал балабақша – білім мен тәрбиенің бастауы. Сондықтан да балаларды тәрбиелеп, саналы білім беруден жалықпаймыз

ЖКС: Барлық мекемелерде оқыту мен тәрбие берудің жаңа үлгілері қолданылады. Ойын баласының уақытын тиімді пайдалану ескеріліп, ой қабілеттерін дамыту мен ептілікке баулитын түрлі бағдарламалар енгізілген.

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, БЕРІК МАНАП «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...