ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ 400 АДАМ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ Толығырақ

МЕКТЕПТЕРДЕ ЕНДІ КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ ОҚЫТЫЛАДЫ

20:02, 26 қазан 2021

ДИКТОР: «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы ел мектептеріне кәсіпкерлікті дамыту бойынша білім беру және консультациялық бастамаларды енгізді. Білім ордасындағы жаңашылдық туралы келесі бейнематериалда.

ЖКС: Бағдарламаны енгізуде пәнді оқыту тұжырымдамасы қайта қаралған. Оған сәйкес, экономиканы оқыту кәсіпкерлік және бизнеске ауысты. Сондай-ақ, аталмыш пәнге берілетін сағат ұлғайтылды. Әзірленген бағдарламаны ҚР БҒМ бекітті.

СНХ: ДИНАРА БҰЛҒАЕВА – «АТАМЕКЕН» ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:  Өскелең ұрпақ арасында кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру үшін Атамекен ҚР ҰКП Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп колледждер мен жоғары оқу орындарының мектептерінде кәсіпкерлік пен бизнес негіздері жобасын іске асыруда. Ақмола облысында 2019 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің 309 мұғалімі біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

ЖКС:  Нарықтық экономиканың қазіргі дамуына сай зерттеушілер мектеп бағдарламасына осы пәнді енгізіп отыр.  Оған себеп – көбінесе, елдің, өңірдің және жалпы әлемнің экономикалық тұрақтылығы мен өркендеуі кәсіпкерліктің дамуына байланысты.

СНХ: ЖАНАР НҰРҒОЖИНА – «АТАМЕКЕН» ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ СЕРТИФИКАТТАЛҒАН БИЗНЕС-ТРЕНЕРІ: Заманауи құралдар мен әдістердің арқасында оқушылар оқу процесіне өте тез қатысады. Алынған білім міндетт түрде тәжірибемен ұштасып отырады.

ЖКС: Зерттеушілердің айтуынша, кәсіпкерлер жаңа технологиялар жасап, жаңа өнімдер өндіріп, нарықта технологиялық инновациялар жасау арқылы инвестиция тартып, экономикалық өсуді ынталандырады. Өз кезегінде, инновациялар көбінесе экономикалық өсімге әкеліп, ал инновацияларды нарыққа шығаратын кәсіпкерлер экономикалық прогреске негізгі үлес қосады.

СНХ: ЖАНАР НҰРҒОЖИНА – «АТАМЕКЕН» ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ СЕРТИФИКАТТАЛҒАН БИЗНЕС-ТРЕНЕРІ: Осы пәнді дамыту аясында біз үлкен жоспарлар құрдық. Бірінші кезекте біз әр салада біздің мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсететін қауымдастық құруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, әр өңірде түрлі бизнес идеялар арасында үлкен байқау өтуде.

ЖКС: Бүгінде жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту - Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған басым міндеттердің бірі болып табылады. Президент кезекті Жолдауында кәсіпкерлердің жаңа толқынын қалыптастырып, білім беру жүйесіне «кәсіпкерлік негіздері» пәнін енгізу қажеттігін атап өтті. Осылайша, жаңа инновациялардың арқасында кәсіпкерлік өндірістегі мүмкіндіктерге жаңа серпін бермек.

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ДИДАР ӨМІРЗАҚ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ  ӨСЕДІ
17:50, 19 тамыз 2022
МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
19:07, 15 тамыз 2022
ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
Толығырақ...