ШҰҒЫЛ! БАСКЕТБОЛДАН ҚЫЗДАР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ Толығырақ

МӘЛІК ҒАБДУЛЛИННІҢ ТУҒАНЫНА-105 ЖЫЛ

15:29, 16 қараша 2020

ДК: Биыл даңқты жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры  Мәлік Ғабдуллинің туғанына 105 жыл.  Халықтың қаһарман перзенті 1915 жылы 15 қарашада дүниеге келген. Айтулы күнге орай облыс орталығындағы батыр ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Салтанатты шараға Көкшетау техникалық институтының курсанттары мен Мәлік Ғабдуллин музейінің қызметкерлері қатысты.

РКС: Шаһардағы батыр ескеркерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым ету. Бұл дәстүрге айналған шара. Десе де, елдегі эпедимиологияық жағдайға байланысты шараға қатысушылардың саны шектелген. Басты мақсат кемеңгер тұлғаның есімін ұлықтап,  болашақ ұрпақтың санасына сіңіру.

СНХ: ҚҰДАЙБЕРЛІ МЫРЗАБЕК, М.ҒАБДУЛЛИН МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ///қаз/// Бұл күні күні көкшетаулықтар батыр бабасына деген құрметін көрсетеді.  Халықтың өзінің асылына деген құрметінің ешқашан үзілмейтіндігін дәлелі ретінде батыр ескеркішене әкеліп гүл шоқтарын қойдық. Биылғы жылы Мәліктің мерейтойына қарай  музей тарапынан үш кітап жарық көрді. Және де әскери техникалық институтқа Мәліктің атын беру жөнінде шешім қаралып жатыр. Ол да сәтті жүзеге асады деп үміттенеміз.

РКС: Болашақ құтқарушыларды дайындайтын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орнына батырдың есімін беру туралы бастама  бүгінде қызу талқылануда. Бұл халық тарапынан зор қолдауға ие болып отыр. Бүгінде Көкшетау техникалық институты Мәлік Ғабдуллиннің  тау тұлғасын жан-жақты зерттелу үстінде. Айта кету керек, бүгінде оқу ордасында 579 курсант білім алуда.

 СНХ: СЫРЫМ ШӘРІПХАНОВ, КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСТЫҒЫ//қаз///Мәлік Ғабдуллиннің өмірі, шығармашылығы, ерлігі жайлы біз тереңірек зерттеп, курсанттарды отансүйгіштікке баулып, тәлім-тәрбие берудеміз. Бұл біздің негізгі бағыттарымыздың бірі болып есептеледі. Яғни, бұл жұмыстарға курсанттардың да қызығушылығы зор. Осы жас буында Мәлік бабалары сияқты, батыр, ұлттың ұлы болуды армандайтыны қуантады.

РКС: Салтанатты шара онлайн ғылыми конференцияға ұласты. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған шара «zoom» платформасы арқылы өтті. Ғылыми-теориялық конференцияда Мәлік  батырдың ерлігі мен шығармашылығынан сыр шертетін баяндамалар оқылып, ғалымның құнды мұрасы дәріптелді.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
13:12, 22 қаңтар 2021
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар