ШҰҒЫЛ! МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЕЛЕУЛІ НӘТИЖЕЛІЛІГІ

14:29, 24 қараша 2020

ДИКТОР: Балкашинода бірнеше мәдениет нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл-"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасының жемісі. Жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғындарды еңбекке тарту- мемлекеттік бағдарламаның басты ерекшелігі.

РКС: Балкашино ауылындағы мәдениет үйі он жылға жуық жөндеу көрмеген. Жаңбыр жауған сайын шатырдан су сорғалайтын, - деп еске алады мәдениет үйінің мамандары. Биыл ғимарат жаңарып, шаруашылық мәселелері түбегейлі шешілді.

СНХ: АННА РУДИ, АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ///аударма///Биыл ғимаратты жөндеу жұмыстарына 44  миллион теңге жұмсалды. Ғимараттың шатыры жөнделіп, жылу жүйесі жаңартылды. Көрермендер залы мен сахна да жаңаша күйге енді.  

РКС: Бұдан бөлек, ішкі әрлеу жұмыстары да жүргізілген. Ең бастысы мәдениет үйіне кіре беріс толығымен жаңартылды. Аудандық кітапханаға да тиісті қаржы бөлініп, үлкен жұмыс атқарылды.

СНХ: СВЕТЛАНА ГУБРЕВА, АУДАНДЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ://аударма//Кітапхана ғимараты 1932 жылы салынған, сол тұстан бері күрделі жөндеу жұмысы жүргізілмеген. Биыл ғимаратты қалыпқа келтіруге 20 миллион теңге бөлінді.Қазір жаңартылған ғимаратта жұмыс істеп жатырмыз. 

РКС: Барлық селолық округтер оқулықтарды аудандық кітапхана арқылы алады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы өңірдегі жұмыссыздарды еңбекпен қамтуға мүмкіндік беріп отыр. 

СНХ: ДИНАРА НИКАНКИНА, АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ//аударма//Ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының аясында 22 жоба жүзеге асырылды. 200-ге тарта жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 92 адам еңбекпен қамтылды. 

РКС: Сондай-ақ бағдарлама шеңберінде Веселое елдімекеніндегі мәдениет үйіне жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарына 22 адам тартылған.

ТАБЫСБЕК ҮСЕН, АБАЙ КӘКІМБЕК, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, ЖАХАНГЕР МҰҚАМБЕТОВ , КӨКШЕ АҚПАРАТ 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
20:42, 26 ақпан 2021
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
17:30, 23 ақпан 2021
ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
18:24, 24 ақпан 2021
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...