ШҰҒЫЛ! «АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚОЛДАУ ЗОР

18:10, 23 маусым 2022

 

ДК: Жас мемлекеттік қызметшілерге қолдау зор. Соңғы 2 жыл ішінде Біржан ауданы бойынша осы салада еңбек етіп жүрген 5 маман қоныс тойын тойлаған. Баспана мәселесі оң шешімін тапқан соң аудандағы кадр тапшылығы да айтарлықтай қысқарған. Бүгінгі күні аудан бойынша 97 мемлекеттік қызметкер бар. Олардың ішінде жастардың үлесі басым.

РКС: Әйгерім Әубәкірованың қызметке кіріскеніне 10 жылға жуықтапты. Осы уақыт аралығында ол бірқатар жетістікке қол жеткізген. Мәселен, жуырда ғана мереке қарсаңында ұйымдастырылған облыстық мемлекеттік қызметшілер байқауында топ жарып, жүлделі бірінші орынға қол жеткізген.

СНХ:  ӘЙГЕРІМ ӘУБӘКІРОВА, БІРЖАН САЛ АУДАНДЫ ӘКІМІ АПАРАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Менің мемлекеттік қызметке келуімнің себебі еліме, жеріме қызмет еткім келді. Ауданымызды көркетуге үлесімді қосқым келеді. Міне осы мақсатта қызмет етіп келемін. Барша әріптестерімді бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Еңбектеріңіз елене берсін дегім келеді. 

РКС: Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшінің мәртебесі биік. Үкімет тарапынна  қолдау да, жеңілдіктер де бар. Тек жұмысыңа адал, антыңа берік болсаң болғаны. Сондай-ақ, жас қызметшілерге де ерекше екпін түсірілген. Біржан сал ауданында осы бағытта бірнеше жас мамандарға бірнеше мүмкіндік қарастырылған.

СНХ: МИРГҮЛ АЯҒАНОВА, БІРЖАН САЛ АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Жас мамандармен тұрақты жұмыс жүргізіліп келеді. Біз осы саладағы зейнеткерлерді алдырып, жас мамандармен кездесулер өткіземіз. Онда ардагер қызметкерлер өз тәжірибелерімен бөліседі. Жалпы бүгінгі күні бізде аудан бойынша үйлер салынып жатыр. Сол үйлерден жас мамандарға баспанада қарастырылған.

РКС: Негізгі аудандағы мемлекеттік қызметшілер саны 97. Тағы 13 маман қажет. Осы мақсатта жергілікті билік өкілдері тарапынан үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚСАОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫ БЕЛЕҢ АЛА БАСТАДЫ
20:20, 1 шілде 2022
ӨҢІРДЕ ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫ БЕЛЕҢ АЛА БАСТАДЫ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ 160 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
20:19, 1 шілде 2022
БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ 160 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 МЕДИЦИНА САЛАСЫНА 73 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
19:16, 30 маусым 2022
МЕДИЦИНА САЛАСЫНА 73 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
 «АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
19:31, 28 маусым 2022
«АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРА...
Толығырақ...
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ АНЫҚТАЛДЫ
19:32, 28 маусым 2022
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...