ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ «ПАРАСАТ ЖОЛЫ»

20:25, 25 ақпан 2021

ДК: Мемлекеттік қызметшінің «Парасат жолы». Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің бірлескен жобасы аясында мемлекеттік қызметшілерге «парасаттылық» идеясы дәріптелуде. Жобаның республикалық орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел Ақмола облыстық кітапханасының ұжымымен жүздесіп, мемлекеттік қызметшілерімен онлайн сұхбаттасты.

РКС: Кітапхана ғимаратында өңірлік «Парасат жолы» орталығыжұмысын бастады. Мұнда  жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған кітап көрмесі әзірленген. Осы тәрізді орталықтар облыстың барлық кітапханаларында ашылып отыр. Мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындар арасында «парасаттылық» идеясын насихаттау жемқорлықпен күреске оң ықпал етпек.

СНХ: АРМАН БЕРДАЛИН,ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ///ҚАЗАҚША/// Негізгі мақсат елге есті сөз айта алатын азаматтармен бірлесіп, тізе біріктіріп, тұғыры биік тұлғаларымызбен бірге күш біріктіріп, мемлекеттік қызметтің басы қасында жүрген азаматтарға «пара алмайық, пара бермейік» деген бағыттағы насихатымызды жүргізу болып табылады.

СНХ: СӘДІБЕК ТҮГЕЛ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///ҚАЗАҚША/// Өткен жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тамыздың 19-ы күні жемқорлыққа қарсы келелі кеңес өткізді. Сол жиында көптеген мәселелер айтылды, маңызды сұрақтар көтерілді. Соның ішінде тұңғыш рет «парасаттылық» идеясын жариялады. + Соның негізінде осындай жаңа жоба өмірге келіп отыр.

РКС: «Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділдік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамда ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған жоба.

СНХ: СӘДІБЕК ТҮГЕЛ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///ҚАЗАҚША///Бұл бірлескен жоба. Бір жағынан агенттік, екінші жағынан Мәдениет және спорт министрлігі. Осы тәрізді барлық кітапханада біздің орталықтар ашылуда. Еліміз бойынша 12 мың 500 кітапхана бар екен. Бұл үлкен күш. Олардың барлығы осы идеяны үлкен құлшыныспен қарсы алды. Алғашқылардың бірі болып өздеріңіз ашып отырсыздар.

РКС: Ақмола облысы сыбайлас жемқорлықпен күресте ел өңірлері арасында көш бастап отыр. «Парасат жолы» жобасы аясында мемлекеттік қызметшілермен алғашқы жүздесудің Көкше өңірінен бастау алуын жақсы ырымға балаймыз, - деді Сәдібек Түгел. Республикалық орталық алдағы уақытта да ақмолалық әріптестерімен тығыз байланыс орнатуға ниетті.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ДАРХАН САҒЫН. ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...