ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН БЕКІТІЛЕДІ

19:40, 2 наурыз 2021

ДИКТОР: Квазимемлекеттік сатып алулар енді жаңа тәсілмен жүргізіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленген заң жобасы мәжілістің қарауында. Қазір мемлекеттік сатып алулардың таза әрі жылдам жүруін қамтамасыз ету мақсатында депутаттар квазимемлекеттік сектор және бизнес өкілдерімен түрлі ұсыныстарды талқылап жатыр. Оңғар Алпысбайұлы толықтырып айтады.

КСМ: «Самрұқ-Қазынаның» мемлекеттік сатып алу жүйесін депутаттарға басқарма төрағасы Ахметжан Есімов таныстырды. Оның айтуынша жаңа жүйе дағдарыс уақытында да өзінің тиімділігін көрсеткен. Бастысы бағаны көтеретін арадағы делдалдардан құтылуға бағытталған. Тапсырыс беруші өндірушімен тікелей жұмыс істейді.

СНХ:  АХМЕТЖАН ЕСІМОВ «САМРҰҚ-ҚАЗЫНА» ҰӘҚ» БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ 2020 жылы мемлекеттік сатып алу арқылы алынған тауарлардың 83 пайызы қазақстандық өнім. 2019 жылы 45 пайыз ғана болған. Ал осы 2 айдың ішінде алынған тауарлардың 90 пайызы қазақстандық өндірушілерден алынып отыр.

КСМ: Ұлттық қормен оффтейк-келісім негізінде жұмыс істеген кәсіпкерлер тапсырыс беру бизнес өкілдері үшін де тиімді екенін айтып отыр.

СНХ:  АНАСТАСИЯ УТЕБАЕВА КАБЕЛЬ ЗАУЫТЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Ең алдымен тұрақты жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Екіншіден тапсырыс құнының 30 пайызы бірден төленеді. Бұл біз үшін үлкен қолдау. Жұмысымызды алдын ала жоспарлауға мүмкіндік алып отырмыз.

КСМ: 2018 жылдан бері квазимемлекеттік сектор 37 қазақстандық өндірушімен құны 250 млрд теңгенің келісімін жасаған. Мұндай ірі тапсырыстар отандық кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау.

СНХ:  НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемел ұлы Тоқаев (Қазақстан халқына) (өз Жолдауында) айтқандай, квазимемлекеттік сатып алу саласындағы ашық  және  тиімді процестер көптеген экономикалық сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді. Біріншіден, отандық өндірісті және өз өнімдерімізді қолдауға жол ашады.  Екіншіден, бұл  шағын және  орта  бизнеске көмек  болады. Осының барлығы,  жұмыс  орындарын сақтап,  әлеуметтік  жағдайды  да одан әрі дамытуға ықпал  етеді. 

КСМ: Заң жобасы бойынша сатып алулар толықтай электронды тәсілмен жүргізіледі. Ал, сыбайластықты болдырмау үшін кез келген кәсіпкер конкурс қорытындысына қатысты арыз шағым түсіре алады.

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...