ШҰҒЫЛ! СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МЕРЕЙІ АРТУДА

19:53, 16 қыркүйек 2020

ДК: Мемлекеттік мекемелердегі құжат айналымының қазақ тіліндегі үлесі 97 процентті құрады. Бұл туралы Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігін қорытындылауға арналған салтанатты шара барысында облыс әкімі Ермек Маржықпаев мәлімдеді. Жиында мемлекеттік тілдің қолданысын арттыруға үлес қосқан өңір тұрғындары марапатталды.

РКС: Диас Исатаев - 5 тіл меңгерген мектеп оқушысы. Қазақшадан бөлек, ағылшын, араб, орыс, қырғыз, грузин тілдерінде еркін сөйлейді. Өзге тілдің бәрін білсең де, өз тіліңнің орны бөлек, -дейді полиглот.  

СНХ: ДИАС ИСАТАЕВ, №2 АТБАСАР ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ///қазақша-орысша/// Көп тіл білу заман талабы. Абай Құнанбайұлы «әрбіреудің  тілін, өнерін меңгерген кісі, сонымен бірдейлік дағуасына кіреді», - деп бекер айтпаса керек. Сол көпірді сақтап қалу үшін адамдар бір-бірінің тілін меңгеруі керек. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте. Біз жастар, болашақ ұрпақ өзге тілді білу арқылы өз тілімізді әлемдік аренада танытуымыз керек.   

РКС: Өңірде қазақ тілінің өрісін кеңейтуге бағытталған тіл саясаты жүргізіліп келеді. Ел егемендігі орнаған 30 жылда Ақмолада 1341 көшенің атауы қазақшаланды. Абылай, Кеснесары хандардың, Алаш қайраткерлерінің есімі ел құлағына сіңісті болды.  

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///қазақша/// Ұлттың ұйытқысы болатын, мемлекеттің мықтылығын танытатын мемлекеттік тілге құрмет көрсету баршамызға міндет, әрі сын. Елбасы «ана тіліне қамқорлық ең алдымен сол тілде сөйлейтін халыққа жүктеледі», -деген еді. Бізге керегі талап пен міндет. Тілге қатысты жауапкершілік. Әр қазақстандық азаматқа Отан қорғау қандай парыз болса, мемлекеттік тілдің мәртебесін қорғау да сондай парыз деп білемін.

РКС: Мемлекеттік мекемелердегі қазақшаның қолданысын арттыру мақсатында  тіл оқыту орталықтары қызмет атқаруда. Алайда, шенді-шекпендінің қазақша сөйлеуге мойны жар бермейтіні қынжылтады, - дейді «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов.  

СНХ: МЕЙРАМБЕК ҚИЫҚОВ, «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН МӘДЕНИЕТІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ///қазақша///Орысша оқып, орысша тәрбиеленген билік басындағы азаматтар жиналыстарда мемлекеттік тілді ұмытып, тек қана орыс тілінде сөйлейтіндері. Осыны мен көп басшгыларға, президент аппаратының инспекторы отырған үлкен облыстық жиында да, бүкіл әкімдер, басқарма басшылары жиналыс өткізгенде тура айттым. Қазір әлемде мылтықсыз соғыс, идеологиялық күрес жүріп жатыр. Әр алпауыт ел өзінің мәдениетін дәріптеп келеді. Сондықтан, біз ұрпақты өз тілінде тәрбиелеу, ұлттық намыс, азаматтық намысқа көңіл бөлуіміз керек.

РКС: Салтанатты шарада мемлекеттік тілдің мерейін үстем еткен өңір тұрғындары облыс әкімінің алғыс хатымен, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Жиында сөз алған ел ағалары кейбір көшенің қазақ арыстарының атына лайық емесін ескертіп, қала сәулетінде ұлттық нақышты арттыруға бұйымтай айтты.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ШОҚАН ТӘУКИЕВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
19:25, 23 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...