ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

20:13, 24 қараша 2021

ДК: Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мен облыс әкімі жанындағы  қоғамдық кеңес өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжаттың негізгі мақсаты - «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру.

Интершум: Меморандумға қол қою рәсімі

РКС: Өзара ынтымақтастық туралы меморандумның негізгі міндеті -  өңірдің жалпы проблемалық мәселелеріне ден қою. Сонымен қатар бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыра отырып, жастардың қоғамдық жұмыстарға тартылуына жағдай жасау басты назарға алынбақ.

СНХ: САҒЫНТАЙ ЕЛУБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ: Басты мақсатымыз- халыққа еңбек ету. Халыққа қызмет ету. Сол арқылы қоғамдық кеңесіміз халықтың елдің мұң-мұқтажы бар. Соны жоғары жаққа, басшылыққа жеткізу. Тек жеткізу емес, оның орындалу барысында қадағалау.

РКС: Тағы бір тың тақырып – білім саласындағы сапаны арттыру. Мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі техникалық және кәсiптiк бiлiм берy саласындағы қызметкерлердің тәжірибе жинауына жағдай жасау болып отыр. Сол себепті аймақтағы педагогтердің өз жұмысына деген жауапкершілігін арттыруға, тиісті баға беруге мән беріліп отыр.

СНХ: СЕРІК АЛТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:   Бүгінгі таңда аймақта білім беру мекемелерінің аттестациясы өтіп жатыр. Қазіргі уақытта білім беру саласындағы деңгей бірқалыпты тұр. Өйткені, карантиндік режимдер білім сапасына тиісінше әсерін тигізіп жатыр. Сол себепті біздің мақсатымыз – жастарды сапалы біліммен қамтамасыз ету.

РКС: Тараптар келісімшартқа сәйкес, өңірдегі қордаланған мәселелерді бірігіп шешеді. Осылайша, екі құрылым демократиялық қалыптасуды іске асыру, азаматтардың әлеуметтік жағдайын жетілдіру сынды бірыңғай келісімге келіп отыр.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...