ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

«МЕН ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫН!» АКЦИЯСЫ

18:34, 27 маусым 2022

ДК: 26 маусым - бүкіләлемдік нашақорлыққа қарсы күрес күні. Осыған  орай жастар ресурстық орталығы полиция департаментімен бірігіп «Мен өмірді таңдаймын!» акциясын өткізді. Шара орталық алаңда ұйымдастырылып, онда нашақорлықтың салдары туралы түрлі роликтермен қатар театрландырылған қойылым көрсетілді.

 

РКС: Есірткі қатерлі дерт. Сондықтан  нашақорлыққа қарсы күресте бүкіл әлем бірлесе күш салып отыр. Бұл шара соның нақты айғағы. Жастарға нашақорлықтың салдарын көрсету керек, бұл тар әрі тайғақ жолдың қайда апаратынын ұғындыру керек,-дейді ұйымдастырушылар.

 

СНХ:МӘНСИЯ ЕСЕКЕЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Жастар арасындағы нашақорлықпен күресті дамыту ең бірінші денсаулықты сақтау салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырудамыз. Бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жастардың арасында түсіндірме жұмыстарын өткіземіз. Есірткімен күрес мәселесі қашан да өзекті болып қала береді.

РКС: Бүгінде жастар арасында есіркіге еліткендердің қатары азаймай отырғаны белгілі. Бүгінгі таңда облыстық наркологиялық диспансерде 403  адам есірткіге тәуелді ретінде есепте тұр. Жыл басынан бері 56 есірткі қылмысы тіркелген.

 СНХ: МЕЙРАМ ЖАПБАСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:  Шара арқылы  осы проблемаға жастардың, жалпы қоғамның назарын аударғымыз келеді. Одан бөлек біздің басқарма қызметкерлері нашақорлықты түп тамырымен жою үшін күні-түні еңбек етеді. Мысалы жүйелі түрде профилактикалық жұмыстар атқарылып, жиі тексерістер өткізіліп отырады.

РКС: Сондай-ақ, есірткімен күрес жолындағы арнайы құрылған топ пен кинолог мамандар есірткі бизнесіне қарсы жұмыстарын алаңда көпшілік назарына ұсынды. Түрлі викториналар, конкурстар ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылды. Шара соңында көпшілік қауымға OPEN-AIR концерттік бағдарламасы  ұсынылды.

 

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
13:09, 21 шілде 2022
COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
Толығырақ...
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 29 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
13:00, 21 шілде 2022
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 29 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ БАР
12:59, 21 шілде 2022
ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар