ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫБЫ – МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН!

21:09, 15 қараша 2021

ДК: Бүгін Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы Мәлік Ғабдуллин ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, батыр рухына тағзым етілді. Сонымен қатар Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы, Мәлік Ғабдуллин музейі, ардагерлер кеңесі, Жамбыл облысынан келген арнайы делегацияның қатысуымен конференция өтті.

ИНТЕРШУМ: ГҮЛ ҚОЮ РӘСІМІ

СНХ:  СЫРЫМ ШӘРІПХАНОВ, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Бүгінгі таңда академиямызда 600-дей курстанымыз бар. Оларға Мәлік Ғабдулиннің аты өте ыстық. Өйткені олар академияға келгеннен бастап, онымен танысып, істеген істерімен өздері тәлім-тәрбие алады. Сол себепті бұл жасөспірімдер үшін құнды деп ойлаймын.

РКС: Қазақтың рухты батыры, Көкше өңірінің алыбы  Мәлік Ғабдуллиннің туғанына биыл – 106 жыл. Панфиловшылар дивиясында ерлік көрсеткен арда азаматтың   тарихтағы бейнесі – ұрпаққа үлгі. Оның патриоттық болмысымен қатар, әдебиет айдынына еркін құлаш сермегенін Мәлік батырдың қаламгерлік қуаттылығынан анық білуге болады. Ол ғылым саласында ауыз әдебиетінің методологиялық негіздерін зерттеген. Сонымен қатар лиро-эпостық дастандар мен айтыс өлеңдері, мақал-мәтел, ертегілердің тәлім-тәрбиелік  мәнін ашқан.

СНХ:  СЕРІК НЕГИМОВ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, М.ҒАБДУЛИННІҢ ШӘКІРТІ //// Н3270004/// қаз.///  02:04  Мәлік ағаның «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» деген оқулығында бір мақалды келтірген. Кісі келі - күміс, өз елің – алтын деген. +++03:48 ++ 1941 жылы Мәлік Ғабдуллин қоғам қайраткері ретінде танылды. Әскерде болды. Атқыштар дивиязсында керемет қызмет етті. Құралайды көзге атқан мерген болды.

РКС: Қан майданда ерлікпен, бейбітшілік орнағанда қалам қуатымен танылған қос арыс Бауыржан Момышұлы мен Мәлік Ғабдуллин арасындағы рухани байланыс – достықтың жарқын үлгісі. Аға мен іні арасындағы арақатынас тек кішіпейілділік пен сыйластыққа, қамқорлыққа толы.  Қазақтың қос қаһарман батыры хат жазысып, ұлттық мәселелерді талқылауға ден қойған. Жалпы жазылған хаттардың мазмұны ел мен жердің тағдырына байланысты.

СНХ: БЕКЕТ МОМЫНҚҰЛ, Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ НЕМЕРЕ ІНІСІ: Бауыржан мен Мәлікті бөліп жара айта алмаймыз. Неге десеңіздер, екеуі де үлкен тұлға. Екеуі де қазақтың намысын көтерген тұлға. Екеуінің арасында хаттар бар. Шынайы достық бар. Бауыржан атамыздың Мәкеңнен 5 жас үлкендігі бар. Сонда еркелетіп жатады. Айналайын, қарағым, қара тентегім, бауырым деп. Ал Мәлік Бауыржанға хат жазғанда аға, мен сізді бетіңізден сүйемін, сізді жақсы көремі деп жазған. Міне қандай бір-біріне деген сыйластық.

РКС:  Бүгінде батырдың  өмірі мен  шығармашылығын насихаттайтын 7 мыңнан астам құнды жәдігер сақталған. Оның атына берілген оқу орындарындағы білім алушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына толық жағдай жасалған. Алдағы уақытта батыр есімі мен ерлігінің дұрыс насихатталуы үшін осындай шаралардың жиі өткізілуіне баса мән берілмек.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...