ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» КОНЦЕРТІ

19:23, 1 маусым 2022

 

ДК: Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі гастрольдік сапармен Көкшетау  қаласына келіп, «Менің Қазақстаным» атты концертін өткізді. Айтулы шараға Қазақстанның мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов,  «Құрмет» орденінің иегері Арман Жайым тағы да басқа танымал өнер адамдары қатысты.

ИНТЕРШУМ:Концерттен үзінді

 РКС: Ұлттық өнерді тағатсыздана күткен Көкше жұрты сахна төрінде шыққан әртістерді жылы қарсы алды.Концертте қазақтың белгілі композиторларының шығармалары,халық әндері мен күйлер орындалды. Айтулы мереке белгілі композитор Кенжебек Күмісбековтың 95-жылдық мерейтойына  арнайы ұйымдастырылған.

СНХ: НҰРЛАН БЕКЕНОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ:Өткен аптада біз 25-маусымның жабылуында Кенжебек Күмісбековтың 95-жылдығына арнаған болатынбыз. Ағамыздың шығармашылығынан әншінің үлбіреген тамаша әндері орындалды.+скл+ 02:26 Бүгін біз бұрын соңды орындалмай жүрген жаңа туындыларды алып келдік. Айтқали ағамыздың шығармасы «Ереуіл атқа ер салмай» және де Жанар Жүсіпова деген оркестіріміздің әртісі, құрмет орденнің иегері сол кісінің «Тұран» деген шығармасын осы жерде бірінші рет осы сахнада алғаш рет орындадық.

РКС: Кешке келген көкшетаулықтар жергілікті әртістердің ғана емес, арнайы шақыртылған қонақтардың да өнерін тамашалай алды.

СНХ:САҒЫНТАЙ ЛҰҚПАНОВ,КӨРЕРМЕН:  Мен өзім зейнеткермін.Осы концертке арнайы келдім.Тамаша рухани азық алып қайттық.Концерт тамаша өтті. Барлығы әншілерге ризащылықтарын білдіремін.

РКС: «Ән, би» десе ішкен асын жерге қоятын халқымыз үшін бұл концерт –нағыз мереке болды. Филармония әншілері де ән шашуларымен сахнаны одан әрі ажарландыра түсірді. Шығармашылық ұжым алдағы уақытта да көрермендерді жаңа туындыларымен қуантпақ ниетте.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...