ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

«МЕНІҢ ОТАНЫМ-МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

14:49, 12 сәуір 2021

ДК: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай сәндік-қолданбалы қолөнер шеберлерінің «Менің Отаным-менің Қазақстаным» облыстық байқауы Зеренді ауданынан бастау алды. Шараның бел ортасында болып келген тілшіміз баяндайды.

STАND-UP: КАМИЛА ӘБДЕЛМАНОВА, ТІЛШІ:///Биыл Алаш баласын шексіз қуанышқа бөлеген, арманымызды ақиқат еткен, іргелі ел, дербес мемлекет екенімізді бүкіл әлемге жария қылған тәуелсіздігіміздің ордалы 30 жылдығы.  Осыған орай Республика бойынша халықаралық, республикалық, облыстық көлемдерде көптеген іс-шара өткізіліп жатыр. Мұндағы басты мақсат өскелең ұрпақтың бойына елдің тарихы мен мәдениетіне деген құрметті еселендіру.

РКС:. Байқауға Зеренді ауданынан 14 өнерпаз бақ сынады.  Қатысушылар ағаштан, қағаздан, тоқыма жіптер мен түрлі бояуларды қолдана отырып, қазақи нақышта көптеген экспонат әзірлеген.  

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАНОВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ//ҚАЗ// 01:13/14 адамның ішінен таңдау өте қиын болды. Өйткені, мұнда қойылған талап-тақырып ашылуы керек. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, одан кейін ұлттық нақыш, қолданылатын материалдары, дизайны, көркемдігі тағы бар. Соның барлығын ескере отырып, жүлделі 4 орынды бердік.+1:43Мұның мақсаты, бірнеше ұлт өкілдерін қатыстырып,  Қазақстан өлкесіндегі барлық ұлттарды біріктіру, бірдейлендіру, ұлттық өнерді насихаттау.

РКС: Аталмыш байқауда үздік атанған 4 жеңімпаз анықталды.  Гүлмира Шәденова бас жүлдені еншіледі. Ал, бірінші орын Айгүл Қапароваға берілсе, Сәуле Ысқақова екінші жүлдені иеленді. Анжелика Матерн үшінші орынды қанағат тұтты. Үшеуі де Зеренді аудандық балалар шығармашылығы үйінің мамандары. Қатысушылардың барлығына Алғыс хат пен сыйлықтар табыс етілді.

СНХ: ГҮЛМИРА ШӘДЕНОВА, БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ//ҚАЗ// 00:42 - Байқауға келгендегі мақсатым – өз өнерімді сынап көру және қазақ елінің өнерін дәріптеу. + 02:36 – «Арқаның асылдары» тақырыбында жасалған портреттер жұмыртқаның қабығынан боялып, үгіліп, кәдімгі желімге жабыстыру арқылы жасалынған ерекше технология – мозайка. Тек қана материалы ұсақталған. Сол үшін де ерекше көрінеді. +03:08 – Былғарыдан «тері өңдеу» технологиясы бойынша жасалынған. Теріні бір-бірінің үстіне жабыстырып отырып өзімнің ойлап тапқан композициям. Кәдімгі, керек емес былғарыларды жинап аламыз да, осылай балаларға соны пайдаға асыруға болатынын көрсетеміз.

РКС: Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отырған мұндай шара алдағы уақытта өңірдің басқа да аудандарында жалғасады. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, бүгінгі ұрпаққа қаз қалпында жеткізу-байқауды ұйымдастырушылардың басты нысанасы.  

КАМИЛА ӘБДЕЛМАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...