ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

МИЛАНДА ОҚУ - ЕНДІ АРМАН ЕМЕС, ШЫНДЫҚ!

19:30, 9 маусым 2022

ДК: Милан – италияның сән астанасы. Бұл Франция үшін Париж сияқты. Алайда, Италия сонымен қатар университеттердің жоғары рейтингісімен, сапалы білімімен, жоғары білікті мамандарымен танымал. Гаухар Жақымова Миланды сәнді киімдермен емес, абсолютті білімімен және ақыл парасатымен бағындыруға шешім қабылдағандардың бірі. Айта кетейік, 360 халықаралық талапкер арасында қатаң іріктеуден өтіп, рейтингте 3-ші орынға ие болды.  

РКС: Гаухар Жақымова – Көкшетау қаласы №2 мектеп-лицейінің түлегі. Орта білімді қарапайым оқу орынында алса да, Гаухарды шет елде білім алу арманы бала кезден жетелеген. Ол өз сөзінде ғажайып жоғары оқу орынында білім алу асқан жауапкершілікті талап ететінін ойламағанын айтады. Өсе келе білім сапасы жоғары болуы керек деп шешім қабылдап, бақ жұлдызы жанған. Мектеп қабырғасындағы үздік бағалар арманының алғашқы баспалдағы деп біледі. Үлкен дайындықтың және қосымша білім алудың арқасында арманға қол жеткізді.

СНХ: ГАУХАР ЖАҚЫМОВА, UNIVERSITY OF MILAN СТУДЕНТІ: Мен өте бақыттымын. Мені сәттілік қолдады. Біз Италия, Еуропа бюрократиясымен әйгілі екенін білеміз, әр түрлі құжаттарды жинау өте қиын болды. + + + + Құжаттың бәрін ағылшын тіліне, ағылшын тілінен итальян тіліне аудару керек болды. Бұл қаржы жағынан ғана емес, энергия жағынан да ауыртпашылық тудырды.

 

РКС: Гаухардың айтуынша, Италия Еуропаның көптеген елдерін көруге жол ашады. Жаңа таныстар табу, жаңа ортада итальян тілін үйренуге таптырмас мүмкіндік. Шетелге шығу қиын - бұл құпия емес. Таңдалған университетке түспес бұрын бірнеше кезеңнен өтуіне керек болған.

 

СНХ: ГАУХАР ЖАҚЫМОВА, UNIVERSITY OF MILAN СТУДЕНТІ:  Барлық университеттерге ҰБТ аналогы, тек итальян тілінде өту керек. Оны 2 тілде: итальян және ағылшын тілдерінде тапсыруға болады. Мен IELTS емтиханын да тапсырдым, емтихан нәтижесі-6,5, екіншісі-6,0. Менің есебімде 36-дан 33,5 нәтиже бар. Өту жолы 25 болып табылады. Менің нәтижем. Емтиханда 3 бөлім бар, бұл логика, оқу және математика.

 

РКС: Бүгінгі таңда Гаухар Жақымова University of milan-нан жауап алды. Бұл ең беделді оқу орындардың бірі. Таңдаған мамандығы - Халықаралық саясат. Гаухар грантқа шәкіртақысымен түсті. Алайда, басқа 4 шетелдік университеттің нәтижелерін күтуде. Бірақ таңдауының ішінде Милан университеті болып отыр.

 

ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...