ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

МҰҒАЛІМДЕРДІ «МЫРЗА, ХАНЫМ» ДЕП АТАУ ҰСЫНЫЛДЫ

19:58, 29 шілде 2021

 

ДИКТОР: Енді мұғалімдерге   «мырза, ханым» деп қарым-қатынас жасау керек. Мұғалім мәртебесін арттыру тек жалақыны көтерумен шектелмейді. Баланы оқыту – мәртебелі іс десек, мұғалімді лайықты атауға мән берілу тиіс. Білім және ғылым министрілігінің аппарат жиынында «оқушы-ата-ана-педагог» арасындағы коммуникацияны жетілдіру жайы сөз болды.

РКС: Пандемия оқушыларды мектептен қашықтатқанымен, ата-аналардың оқу процессіне жиі араласуына түрткі болды. Бұл үрдісті одан әрі жетілдіріп, бала тәрбиесін екі жақтап қолға алуды дамыту керек. Бұл ретте ұлттық білім беру академиясы өзара қарым-қатынас терминологиясын бекітуді ұсынады.

СНХ: ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ, Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Биылдан бастан балалар мен  ата-аналар арасындағы ғана емес,  сонымен қатар, балалар мен мұғалімдер арасындағы байланысқа жаңа көзқарас қажет екендігі.  Жалпы коммуникативтік қабілеттерге баса назар аудару қажеттілігі көрініс тауып отыр.

РКС: Қазір Қазақстан мектептерінде мұғалімдерді «ағай, апай» деп те атайды. Сонда қоғамдағы кез келген «ағай, апайдан» педагогтың айырмасы қайсы деген сұрақ тумай ма?! Ал мамандардың ұсынысынша, енді педагог педагогке «мырза, ханым» немесе әкесінің атын қоса айтқаны жөн. Ал оқушылар мен ата-аналар  бірыңғай «мұғалім, ұстаз» дегені дұрыс. Алайда білім саласын ұйымдастыру, басқару бойынша Болашақ бағдарламасымен шетелде білім алған Сәкен Каженов педагогтарды менталитетке сай атау халықаралық тәжірибеде де бар,-дейді.

СНХ: СӘКЕН КАЖЕНОВ, БОЛАШАҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ, БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ: Шетелде көбіне оқытушыны  аты-жөнімен  емес, тура өз атымен атайды. Бұл тәжірибені елге келген соң мен өз студенттеріме қолдана бастадым. Тек атыммен атай бастаған студенттер біртіндеп арадағы субординациядан аттай бастады. Сондықтан ұстазға деген қандай да бір құрметті білдіретін атау болу керек екенін түсіндім. Біздегі «ағай, апай» деп атау Бразилияның жүйесіне қатты ұқсайды екен. Онда  «tia» (cя),яғни, «аға, тәте» деп айтады. Сондықтан ұлттық менталитетке сай атауда тұрған ештеңе жоқ.

РКС: Сонымен қатар, салалық министрлік мектептегі қоңырау үнін төкпе, шертпе күйлерге жаппай ауыстыруды көтеріп отыр. Ғалымдардың зерттеуінше, күй психологиялық тұрғыдан оқуңшылар үшін пайдалы болмақ.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...