ШҰҒЫЛ! ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК Толығырақ

МҮЛІК ИЕЛЕРІ БІРЛЕСТІГІН ҚҰРҒАННАН ХАЛЫҚ НЕ ҰТАДЫ?

19:43, 30 қараша 2021

ДК: Пәтер иелері кооперативінен мүлік иелері бірлестігіне немесе қарапайым серіктестікке көшу туралы заңнаманың қабылданғанына екі жылға жуық уақыт болды. Дегенмен, кейбір көкшетаулықтардың жаңашылдыққа дайын еместігі белгілі болды. Жергілікті әкімдік пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының мамандары тұрғындарға өзгерістің оң тұстарын түсіндіріп әлек.

РКС: Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді,-деген тұрғындар бірлестік пен серіктестіктің пайдасына күмәнмен қарауда. Халық пәтер иелері кооперативі кезінде болған ақша жымқыру, өтініштеріне құлақ аспау сынды әрекеттердің сап тыйылып, жағдайдың оңала қаларына сенбейді. Бірақ, қанша қарсыласқанмен, басқарудың жоңа формасына көшуден басқа амал жоқ сыңайлы.

СНХ: БАУЫРЖАН ЕРНАЗАРОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2019 жылдың 26 желтоқсанында ҚР тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы туралы Заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген болатын. Құжатқа сәйкес тұрғын үй иелері басқарудың жаңа формасын таңдаулары керек. Яғни, бұдан былай пәтер иелері кооперативі емес, мүлік иелері бірлестігі немесе қарапайым серіктестік деп өзгертілген жаңа форманың біріне көшуге міндетті.

РКС: Пәтер иелері кооперативінен мүлік иелері бірестігінің бас­ты ерек­шелігі – тұрғындар өз үй­лерін дербес басқаруға, сон­дай-ақ оны күрделі жөндеуге ақ­ша жинауға мүмкіндік алады. Бұрын кооператив төрағалары барлық үйлерден ортақ шотқа ақша жи­на­ғанымен, қаражаттың қалай жұмсалатынын тұрғындар бақылай алмайтын. Ал, мүлік иелері бірестігіне ауысқан жағдайда, әр тиынның мақсатты жұм­салуын қадағалау мүмкін болады екен.

СНХ: АЙГҮЛ АРИНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІСІПәтердің жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат уақытылы игерілмесе, ақша тұрғындарға қайтарылады. Одан кейін төрағаның өтініші де ескерілмейді. Өйткені, ол көрсетілген мерзімде жоспарланған жұмыстарды атқарып, ақшаны мақсатты жұмсауға және тұрғындарға есеп беруге міндетті.

РКС: Бүгінгі таңда, Көкшетауда 643 тұрғын үй басқарудың жаңа формасына көшкен. Оның 25-і мүлік иелері бірлестігі болса, 618-і қарапайым серіктестікке жатады.  Әкімдіктегілердің айтуларынша, жыл соңына дейін 670-ке жуық баспананы басқарудың жаңа формасына көшіру көзделген.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
19:58, 27 қаңтар 2022
ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
Толығырақ...
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
19:57, 27 қаңтар 2022
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
Толығырақ...
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
19:56, 27 қаңтар 2022
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...