ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

МҮЛІК ИЕЛЕРІНІҢ 15 БІРЛЕСТІГІ ҚҰРЫЛДЫ

13:19, 29 сәуір 2021

ДК: «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін мүлік иелерінің бірлестіктері мен қарапайым серіктестіктер құрылуы тиіс. Көпқабатты тұрғын үйді басқарудың осындай жаңа формасына техникалық, актілік және өзге де құжаттары табысталуы қажет. Бұл жұмыс Ақмола облысында да қарқынды жүргізіліп жатыр. Облыс орталығында мүлік иелері мен қарапайым серіктестіктердің 15 бірлестігі құрылды.   

РКС: «Сарыарқа 8/4» деп аталатын мүлік иелерінің бірлестігі осы мекенжайда орналасқан көпқабатты тұрғын үйге жауапкершілікті өз қолына алған. Азаматтық ұстаным танытқан тұрғындар мемлекет бастамасына алғашқылардың бірі болып қолдау көрсетіп, ортақ мүлікті тиімді басқаруға ниетті.

СНХ: ТӨЛЕМІС ҚАРБАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ///аударма///Өткен жылы үйімізді тапсырған сәтте, пәтер иелерінің кооперативіне бардық. Содан кейін  тұрғындар бірігіп, мүлік иелерінің бірлестігін құруға шешім қабылдадық. Төрағалыққа жас, болашағынан зор үміт күтетін Мұратты сайладық. Содан бері біз өз  үйіміздің барлық мәселесін өзіміз шешіп келеміз.

РКС: Бұл үйде мүлік иелерінің бірлестігін құру туралы шешім өткен жылдың жазында қабылданды. Осылайша, тұрғындардың өз пәтерлері мен аулаларының нақты иелері болуға деген ұмтылысы өз нәтижесін берді. Оған айғақ, спорт алаңы, бейнебақылау камералары, таза подъезі бар жайлы аула.

СНХ:  МҰРАТ ИСМАҒАМБЕТОВ,  «САРЫАРҚА, 8/4» МҮЛІК ИЕЛЕРІ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ///аударма///Тұрғындарды  біріктірудің ерекшелігі – үй тұрғындарының өздері меншік иелері болып, қызмет көрсететін ұйымның ай сайынғы жарналарына кететін қаражатты өздері басқаруға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, бізде ақпараттық стендтер бар. Онда біз ай сайын үй тұрғындарына қаржылық шығындарымыз туралы есеп береміз.

РКС: Әрбір тұрғын көппәтерлі үйді абаттандыруға қатысты қандай да бір іс-шараға қатысуға құқылы.  Қоршау тұрғызу, көлік құралдарына арналған шлагбаум орнату, қоқыс шығаруды ұйымдастыру және тағы басқалар мәселелердің барлығын бірлестік қатысушылары шешеді. Карантин жағдайында жиналыстар онлайн өткізіледі. Сонымен қатар,  меншік иелерінің бірлестіктері өзара тәжірибе алмаса алады.   

СНХ: РҮСТЕМ БЕЙСЕНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ//РУС//: «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына басқарудың жаңа нысанына көшу шешімі қабылданды. Яғни 90-шы жылдары құрылған пәтер иелерінің кооперативі заңға сәйкес жойылатын болады. Оларды жою мерзімі 2022 жылдың қаңтарына дейін деп белгіленген. Осыған орай, пәтер иелері енді меншік иелерінің бірлестігін  ұйымдастыруы қажет.

РЗК: Әрине, мүлік иелері мен қарапайым серіктестіктердің 15 бірлестігі облыс орталығы үшін әлі аздық етеді. Бірақ бұл жұмыс енді басталды. 2022 жылдың қаңтарына дейін барлық қажетті құжаттарды заңдастыруға асыққан жөн.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ИВАН ОДНОРОГ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...