ШҰҒЫЛ! ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЖАҢА 8 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

МҮЛІК ИЕЛЕРІНІҢ 80 БІРЛЕСТІГІ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

17:19, 22 маусым 2022

ДК: Бүгінгі күні пәтер иелері кооперативінен мүлік иелері бірлестігіне немесе қарапайым серіктестікке көшу мәселесі өткір тұр. Еске салайық, бұған дейін сарапшылар 1-ші  шілдеден бастап пәтер иелері кооперативі жұмысын тоқтататынын айтқан еді. Дегенмен, депутаттар жаңа жүйеге көшуді тағы бір жыл кейінге қалдыруды ұсынды.  Бүгінгі таңда облыс орталығындағы  көпқабатты үйлердің біраз бөлігі мүлік иелері бірлестігі жүйесіне көшіп үлгерді.

РКС:  Бүгінгі таңда қазақстандықтарға екі нұсқаны таңдау ұсынылады: меншік иелерінің бірлестігі және қарапайым серіктестік. Олар «бір бірлестік, бір есеп, бір үй» қағидасы бойынша жұмыс істемек. Аталған жүйені ескере отырып, пәтерлер мен үй-жайлардың иелері өздері тұратын үйлеріне өздері жауапты болуы керек. Жаңа схема пәтер иелері кооперативіне балама ретінде қарастырылады. Мамандар пәтер иелері кооперативі өзінің қызметін тоқтатуы тиіс деп есептейді. Өйткені, қаржының қайда кетіп жатқаны белгісіз,  жөндеу жұмыстары жылдап жүргізілмейді. Соның салдарынан үйлердің жай-күйі нашар, құбырлардың тоғызы жеткен,  жертөленің іші суға толып тұрады.

СНХ: АЙГҮЛ АРЫНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІСІ: Соңғы бір жарым ай көлемінде мүлік иелері бірлестігінің саны 2 есеге дейін ұлғайды. Оған пәтер иелері кооперативінен шығып, жеке-дара қызмет ету жүйесіне көшу оң ықпал еткен. Біріншіден, тұрғындардың үйлеріне қызмет көрсету жүйесінсіз қалып қою қорқынышы болды. Тіркелмей қаламыз ба деген де үрейдің болғанын айта кету керек. Екіншіден, кооперативтер өз жұмысының құрылымын өзгерту қажет екенін түсінгендері. Ал көпқабатты тұрғын үйлердің көпшілігі қарапайым серіктестік басқаруына көшкен.

РКС: Қазіргі уақытта Көкшетау қаласы бойынша мүлік иелерінің 80 бірлестігі жұмыс істеп тұр. Центральный 57-ші және 58-ші үйлер де басқарудың осы түрін таңдапты. Бұл жүйенің іске қосылғанына бір айдан сәл ғана асса да, көп нәрсе істелген. Аталған бірлестіктің төрағасы пәтер иелері кооперативінен кейінгі үйлердің жағдайы тіпті мүшкіл болғанын айтады.

СНХ: ЛЮДМИЛА НАУМОВА, «ВОДНИК» МҮЛІК ИЕЛЕРІ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 27 сәуірде біздің үйдің тұрғындарымен бастамашыл топтың әрекетімен жалпы жиын өткіздік.  Ол жерде басқарудың қай түрін таңдайтынымызды талқыладық. Басым дауыспен мүлік иелері бірлестігін құру туралы шешім қабылданды. 17 мамырда әділет департаментінен тіркеуден өттік. Өзіміздің типтік жарғымызды қабылдап, өзіміздің сметамызды тіркедік. Әр шаршы метрге 48 теңгеден деп белгіледік. Сол 48 теңгенің 15 процентін нақты есепшотқа аударып отыру туралы ұйғардық. 

РКС: Бүгінгі күні пәтер иелері кооперативіне төлейтін тарифтің құны орташа есеппен әр шаршы метрге 18 теңгеден. Бір қарағанда үлкен сома емес. Тиыннан теңге құралатынын ескерсек, ай сайын қаржының көп бөлігі желге ұшып кетіп жатады. Мүлік иелері бірлестігі басқаруына өткен кезде пәтер иелері кооперативі өзі жұмыс істеген уақытта жұмсалмаған қаржыны қайтаруы тиіс. Олай болмаған жағдайда жаңа бірлестіктің төрағасының сотқа шағымдауына құқығы бар.

АЙНҰР ДҮЙСЕН, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ  ЖАҢА 8 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
19:25, 27 маусым 2022
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЖАҢА 8 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ӨҢІРДЕ ТАҒЫ  ЗАМАНАУИ 43 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ
19:09, 27 маусым 2022
2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ӨҢІРДЕ ТАҒЫ ЗАМАНАУИ 43 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОСЫ ЖЫЛЫ 188 ИНВЕТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ
17:45, 24 маусым 2022
ОСЫ ЖЫЛЫ 188 ИНВЕТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ
Толығырақ...
ЖАҒАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАМАЙДЫ
21:09, 21 маусым 2022
ЖАҒАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАМАЙДЫ
Толығырақ...