ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ

17:48, 26 ақпан 2021

ДК:  Облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі балғындарға арналған жаңа спорт кешені ашылды. Енді  шағын шаһардағы жас спортшылар осы залда жаттыға алады. Ең бастысы барлық қызмет тегін көрсетіледі. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев спорт нысанына арнайы барып,  техникалық базасымен танысты.

STAND-UP: АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ТІЛШІ///Бұл мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Көкшетаудағы екінші спорт зал. Оның біреуі өткен жылы ашылған болатын.  Бір қызығы, екеуі де «Дарын» деп айдар таққан. Ал, бұл спорт кешенінің басты біршіден басты айырмашылығы мұнда екпін балаларға түсірілген. Яғни , 10-нан астам спорт түрінен арнайы нұсқаушылар сайланып, мүмкіндігі шекеулі балғындардың емін-еркін жаттығуларына септігін тигізеді.

РКС: Иә, қос спорт кешеніне   облыс тарапынан айтарлықтай көңіл бөлінген.Олардың биылғы жылғы бюджеті 53 млн теңгені құрайды. Міне, осы қаржыға жаңа спорт мекемесі техникалық базасын  нығайтып алған. Қазіргі таңда, мұнда мүмкіндігі шектеулі балғындардың спортпен айналысуына барлық жағдай жасалған.

СНХ: АЛМА ХАМИТОВА, «ДАРЫН» СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ//аударма////Біздің спорт нысанында қоян-қолтық ұрыс, каратэ, ережесіз жекпе-жек, би үйірмелері бар. Сондай-ақ, арнайы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бірнеше үйірмелер қарастырылып отыр. Ол логопед, психолог, дефектолог тегін қызмет көрсетеді.

РКС: Заманауи спорт кешенінің қуаттылығы да зор. Бір мезетте мұнда 50-ге жуық спортшы жаттыға алады. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев нысанды аралап, жаңадан орнатылған қондырғылардың сапасын тексерді.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///аударма//// Бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше қолдау көрсетілуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеше ғана өткен келелі жиынды соны атап өтті. Сондықтан осындай залдар санын көбейту керек. Осы спорт кешенінеде білікті мамандар алдық. Ол логопед болсын, дефектолог болсын бәрі мықты.

РКС: Сонымен қатар облыс әкімі өңірдегі бұқаралық спорттың жыл санап қарқынды дамып  келе жатқанын атап өтті. Оның бір айғағы облыс бойынша өткен жылы бірақтар  спорттық нысандар  бой көтерген. Ол жұмыстар биыл да жалағасын таппақ.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///аударма//// Біз өткен жылы 3 спорт нысаның пайдалануға бердік. Ол Астрахан, Біржан сал, Аршалы аудандарындағы спорт залдар. Бүгінгі таңда облыс бойынша спорттық кешендер саны  артып келеді.  Қазіргі таңда, Бурабай ауданында спорт сарайын салып жатырмыз. Жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. Құрылысты бастап кеттік.

РКС: Сонымен қатар, бүгінде Ерейментау, Есіл, Целиноград аудандарында осындай дене шынықтыру залдары салынып жатыр. Спорт нысандары жыл соңына дейін пайдалануға берілді.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...