ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ЕРЕКШЕ НАЗАРДА

18:41, 19 қараша 2021

ДИКТОР: Нұр Отан партиясы облыстық филиалының кеңесінде ерекше қажеттіліктері бар жандарға тұрғын үй салу және кедергісіз орта құру мәселелері қарастырылды. Толығырақ келесі бейнематериалда.

РКС: Түрғын үй салу мәселесі әрдайым өзекті. Өткен жылы мердігерлер 600-ге жуық пәтердің құрылысын уақытылы аяқтамаған. Осы жылы да мұндай жағдай қайталануы мүмкін. Мамандар бұл құрылыс материалдарының қымбаттылығы мен тапшылығына байланысты дейді. 

СНХ:  БАУЫРЖАН ЕРНАЗАРОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: біз ағымдағы жылдың соңына дейін 6 үйді тапсыруды жоспарлап отырмыз.  Оның 5-і жалға берілсе, 1-і несиелік жүйемен үлестіріледі. Жыл басында 5 үй пайдалануға берілді.. Жалпы биылғы жылы жоспарға сәйкесі 11 тұрғын үй пайдалануға беріледі.

РКС: Бүгінгі таңда Ақмола облысында 28 мыңнан астам мүгедек жан бар. Сондықтан да, олардың тұрмыстық сапасын жақсарту мәселесі аса өзекті.

СНХ:  ДИНА АХМЕТЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бүгінгі күнге дейін 311 нысан мүгедектерге арналған инфрақұрылыммен толық қамтылған. Бұл жылдық жоспардың 93 проценті. 14 өңір 100 процентке бейімделген, ең аз қамтылған Атбасар ауданы болып отыр. Небәрі 38 процент.

РКС: Атбасар ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған нысандарды бейімдеу 15 желтоқсанға дейін аяқталады деп жоспарланған.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...