ШҰҒЫЛ! МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ Толығырақ

МҰРАЖАЙ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

17:16, 22 ақпан 2021

ДК: 1990 жылы экскурсия жүргізушілердің халықаралық федерациясының бастамасы бойынша 21 ақпан халықаралық экскурсоводтар күні ретінде жыл сайын аталып өтіледі. 1970 жылдан бастап мамандық ретінде ресми түрде бекітілген. Мереке әлемнің барлық экскурсия жүргізушілері және гидтерінің құрметіне арналған.

РКС: Зәуреш Тағамбаева «Театр-киім ілгіштен басталса, экскурсоводтар – барлық музей қызметкерлері еңбегінің дәлелі, жұмысының айнасы. Жақсы таныстырылым да, сәтсіз таныстырылым да экскурсия жүргізушісінің танымынан»,-дейді ол.  

СНХ: ЗӘУРЕШ ТАҒАМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСОВОДЫ///қаз///Мамандығым өзіме ұнайды. Өте қызықты, жан-жақты мамандық. Экскурсия жүргізудің барысы келген адамдарды күтіп алу, шығарып салу деген үлкен дәстүр біз үшін. Келген адамның көңіл күйіне қас-қабағына қараймыз. Әр адам әртүрлі мінезбен келеді ғой. Соның барлығының алғысын алып қалу экскурсовод үшін басты міндет болып табылады.

РКС: Ал Гүлден Аққошқарова Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын тәмамдаған. Тарих пен мәдениетке деген қызығушылығы жас маманды мұражайда жұмыс істеуге жетелеп әкеледі. Бүгінде ол мұражайда экскурсовод болып еңбек етеді.  

СНХ: ГҮЛДЕН АҚҚОШҚАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ  ЭКСКУРСОВОДЫ///қаз///Бүгінгі таңда экскурсия жүргізушісі тек қана жоғары мамандығы бар маман ретінде саналмай, жан-жақты педагог ретінде де, психолог ретінде де, мәдениеттанушы ретінде де жұмыс істейді. Себебі, музейге келген әр адаммен біз дифференциалды қатынаста жұмыс жүргіземіз. Сондықтан көпсалалы, әртүрлі мамандықты қамтитын ерекше қызықты мамандықтың бірі.

РКС: Мереке өңірдегі эпиджағдайға байланысты онлайн форматта атап өтілді,-дейді облыстық тарихи-өлкетану мұражайының өкілдері. Өңірде бұл мұражайдың 7 филиалы жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы мерекеге орай қысқаметражды фильм дайындаған. Онда бұл мамандықтың қыр-сыры анық ашылып, мүмкіндіктері, қасиеттері, жұмыс барысы көрсетілген. 

СНХ: ӘЙГЕРІМ АЙДАРБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ///қаз///Ақмола облысы аграрлы, әрі туристік аймақтардың бірі болып табылады. Сол себепті біздің өңірімізде туризм саласы қазіргі кезеңде қарқынды дамып келе жатыр. Осының бірі экскурсоводтардың, гидтердің рөлі екерше болуда. Өйткені, осы экскурсоводтар, гидтер арқылы біздің өңіріміздің тарихы, табиғаты насихатталады.

РКС: Айта кетейік, өңірде 11 мұражай жұмыс істейді. Облыс бойынша 14 экскурсовод бар. Олардың барлығы өз мамандығын жанымен сүйетін, өз ісінің білікті маманы.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
20:42, 26 ақпан 2021
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
17:30, 23 ақпан 2021
ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
18:24, 24 ақпан 2021
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...