ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

МУЗЕЙГЕ ЖӘДІГЕР СЫЙЛА!

13:15, 19 ақпан 2021

ДИКТОР: Музейге жәдігер сыйла. Дәл осындай атаумен Көкшетау қаласының тарихи музейінде акция басталды. Іс-шара Тәуелсіздіктің  30 жылдығының қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

РКС: Акцияға белсене атсалысып, үйіндегі құнды жәдігерді музейге әкеліп табыстаған  жандардың бірі – Көкше өңіріне танымал тұлға Күміс Әнуарбекова. Ұзақ жыл өңірдің мәдениет саласының өркендеуіне үлес қосқан, әлі де белсенді.

СНХ: КҮМІС ӘНУАРБЕКОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ///қаз///Еліміз Тәуелсіздік алған кезінде мен осы Көкшетау облысының мәдениетінің басқармасының бастығы болдым. 7 жылдай осында жұмыс істедім. Сол кезде еліміз оянып, талай елдерде аудандарда +скл+ол кезде керемет жақсы академиктер, жазушылар келіп осы Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Абылай ханның тойын осында өткізгенбіз. Соны, міне, үйдегі бар нәрселерді, көп емес, енді әкеліп отырмын. Тағы көрем де тағы әкелем. Енді үйде жатқанда жұрт көрсін дегендей.

РКС: Күміс апай Ақан серінің 150 жылдығына орай Алматы қаласында арнайы тапсырыспен 1993 жылы әндер жинағы етіп шығарылған дискіні әкеліпті. Сонымен қатар КСРО халық әртісі, қазақ актерлерінің атасына айналған Асанәлі Әшімов Шоқан Уәлихановтың 150 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысу үшін 1985 жылы Көкше жеріне келген екен. Мына бір эскиздерді сол конференцияның үзілісі кезінде абыз актердің өз қолымен салған суреттері.  Күміс Әнуарбекқызы бұрын-соңды еш жерде көрсетілмеген осындай құнды жәдігерлерді музей қорына табыс етті. Күміс апай сияқты естелік заттарды әкеп жатқандардың қарасы қалың.

СНХ: БАҚЫТГҮЛ МҰҚАНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:///қаз///Мен мына магнитофон мен кассеталарды  музейге тапсырып жатырмын.+скл+ Содан мынау ұялы телефонды, бірінші телефон ол кезде, «кирпич» деп айтатын. Ағам сатып алған бірінші. Соны да музейге тапсырып жатырмын. Есте қалсын деп.

РКС: Көкшетау қаласының тарихы музейінде  қазіргі уақытта 17 мыңға жуық жәдігер бар. Аталған мұражай Көкшетау қаласының 180 жылдығына орай 2004-ші жылы ашылған. Жыл сайын жәдігерлермен толықтырылып отырады.

СНХ: АЙЫМ БІЛӘЛОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ МУЗЕЙІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: // қаз//  Акцияның мақсаты -  яғни Тәуелсіздік жылдарындағы біздің еліміздің, қаламыздың тарихын сақтау және насихаттау. Музейге жәдігер ретінде құжаттар, фотосуреттер тұрмыс және интериер заттарын, аксессуарлар, киім кешектер және де осы 1990-2000 жылдарында тарих болып қалған заттарды тапсыруға болады.

РКС: Акция 3 айға созылады деп жоспарланған. Шара соңында жинақталған жәдігерлерден ең үздіктері таңдалып алынып, арнайы көрме ұйымдастырылады.

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...