ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚМОЛАЛЫҚ ҚҰРМАНҒАЗЫНЫҢ КҮЙЛЕРІН ОРЫНДАДЫ

20:14, 1 шілде 2022

ДК: Ұлттық домбыра күніне орай 1 мыңға жуық ақмолалық  Құрманғазының қос күйін орындады. Олардың қатарында мәдениет қызметкерлері, сот және білім саласының мамандары бар.  Қазақтың қара домбырасын насихаттаған шарада жас буын өкілдерінің де үлесі басым.

ЕСТ.ШУМ

РКС: Фестивальге қатысушылар алдымен «Сарыарқа», кейін «Балбырауын» күйлерін орындады. Олар домбыра бейнесін құрып, ұлттық аспапқа деген құрметті көрсетті. Қатысушылардың дені мектеп оқушылары екенін атап өткен жөн. Осы шараға қатысуға арнайы алыстан ат терлетіп келген қонақтарда бар.  

СНХ: АРАФАТ ҒАБИТ, ОҚУШЫ//ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ/// Мен 8 жасымнан бастап домбыра тартам. Қазіргі таңда 10- ға жуық күй білем. Домбыра тартқан ұнайды. Осы шараға қатысқым келіп еді.

СНХ: ЖАНАТ РАШИД, ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ ӘНШІСІ: Домбыра ұстаған жас балғындарды көріп, көңіл  тойып тұр. Осы жастар бар да ұлттық аспап ешқашан ұмытылмайды. Қазіргі таңда жастардың алаңсыз домбыраны меңгеруіне барлық жағдай қарастырылып отыр.

РКС: Домбыра – қазақтың киесі, қа­сиеті, қазынасы. Қазақ пен дом­быра егіз ұғым. Сондықтан да қазақ барда, қос ішек ұмыт болмасы анық. Ал, оған құрмет тек бір күн ғана емес, жыл бойы болу керек,-дейді жергілікті зиялылар.

СНХ: ҚҰДАЙБЕРЛІ МЫРЗАБЕК, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:  Домбыраға деген құрмет тек қана жыл он екі айдың бір күнінде ғана емес, әр күнімізде домбыраны қастерлеуіміз керек. Қазақтың әр шаңырағында қос ішек болуы керек. болашақ жастар киелі аспаптың тарихын, құндылығын білу керек.

РКС: Жылдан-жылға қазақ ұлттық өнерін дамытуға, халық дәстүрлерін жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінеді. Ақмола облысында осы бағыттағы 21 шығармашылық үйірме жұмыс істейді.  Онда 600-ден астам бала бар. Сондай-ақ, биыл ұлттық құндылықтарды насихаттау және өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы жанынан Бурабай және Зеренді аудандарында күй мектептері ашылды.


АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...