ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

...НАҒЫЗ ҚАЗАҚ – ДОМБЫРА

14:03, 7 шілде 2021

 

ДК: Өңірде қазақтың рухты мерекесі ұлттық домбыра күніне орай Арқа өңірінің саңлақтары мен дарынды жастары  бақ сынасқан облыстық байқау өтті. Өнер бәйгесінің қатысушылары «Ақындар арнауы», «Дәстүрлі ән», «Күй орындау» аталымдары бойынша жарысқа түсті.  

РКС: Қазақтың қара домбырасын жастайынан жанына серік еткен Өмірзақ Шешханұлы байқауға Бұланды ауданының намысын қорғай келген. Бүгінде талантты жас Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында «Халық әні» мамандығы бойынша білім алады. Байқауда Шашубайдың «Ақ қайыңы» мен Қошқарбек Тасбергеновтың «Өмірнамасын» әуелетіп орындады. Бүгінде 40 шақты әнді жатқа білетін көрінеді.  

СНХ: ӨМІРЗАҚ ШЕШХАНҰЛЫ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ///қаз///Қазақтың ұлттық аспабы домбыра күніне орай арнайы бір күн жариялаған мәдениет басқармасына алғыс айтамыз. Бүгінгі байқау өте бір қызу, жақсы деңгейде өтіп жатыр. Бұл Көкшетаудың мәдениетін, Көкшетаудың өнерін көтеруге өзіндік бір септігін тигізеді деп ойлаймын. 

РКС: Әділ Тәуке – Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің 2 курс студенті. 11 жасынан бастап домбыраның құлағында ойнайды. 20 шақты күйді мүдірмей орындайды. Байқауда Қазанғаптың «Домалатпай ақжелеңі» мен күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының «Айда бұлбұл, Ақжан-айын» төгілте орындады.  

СНХ: ӘДІЛ ТӘУКЕ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ///қаз///Өзіме домбыра ойнаған ұнайды. +скл+Осы қазақтың қара домбырасын тартқанда сезініп ойнау керек. Әр дыбысты нақты шығарып, жүрекке салып ойнау керек. Ең бірінші күйді жаттағанда, күйдің тарихымен танысу қажет. Ойға салу керек.

РКС: Қасиетті қара домбыраның шанағынан шығатын қазақы қоңыр үнді дәріптеу – ұлттық болмысымызды қалыптастырудағы басты құндылығымыз,-дейді байқау ұйымдастырушылары.

СНХ: БАҚЫТ СМАҒҰЛ, «ЕЛ БІРЛІГІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ///қаз///Қаншама жылдар, қаншама ғасыр қазақ өмір сүріп келе жатыр. Қазақтың әлі де болса да ұлттық болмыс-бітіміміз толық қалыптаспай жатса да, қазақтың қайраты жасымаған, рухы өшпеген бір ғана қазақ бар. Ол мына қасиетті домбыра.   

РКС: Байқау соңында үш аталым бойынша жеңімпаздар марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді. Сайыс ұйымдастырушылары өнер бәйгесін өткізуді жылдағы дәстүрге айналдыратынын атап өтті.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...
 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...