
ДК: Бағаны тұрақтандыру үшін барлық жағдай жасалады. Оларды негізсіз көтерген кәсіпкерлерге шара қолданылмақ. Әсіресе, соңғы бекітілген құнның сақталуы бақылауға алынады. Дегенмен, Көкшетау қаласында жұмыртқа бағасы 10, ұн – 100 теңгеге қымбаттаған. Бұған дейін бір килосы 180 теңге болған қант қазір 250 теңгеден сатылып жатыр. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бұл бағалардың әрқайсысы егжей-тегжейлі зерттелетінін айтуда.
РКС: Бүгінде тұрақтандыру қорында өткен жылы сатып алынған 2 мың тоннаға жуық тауар бар. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жетекшісі Ербол Оспановтың айтуынша, азық қоры жарты жылдан 10 айға дейін жетеді. Дүрлігіп, алаңдауға еш негіз жоқ. Осы жылы 500 миллион теңгеге азық-түлік қорын сатып алу қарастырылған. Атап өтерлігі, тұрақтандыру қорының азық-түліктері «Қамқор» базарында тіркеуге алынған баға бойынша сатылады.
ГРАФИКА: Жалпы, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 19-ы өңірде өндіріледі. 16 наурыздағы жағдай бойынша азық-түлік қоры:
Картоп – 12 240 тонна
Ет – 2 698 тонна
Ұн – 24 533 тонна
Макарон – 290 тонна
Сүт – 335 тонна
Сары май – 279 тонна
Құмшекер – 1 160 тоннаны құрайды.
СНХ: ЕРБОЛ ОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: / На сегодняшний день замечено повышение цен....Бүгінде көтерме саудагерлер қанттың бағасын 15 процентке көтергенін байқадық. Оның себебі, олар қантты Ресей мен Белоруссия елінен сатып алады. Тиісінше, курсқа байланысты бағалары да өскен. Бұл бізге де әсер етіп отыр. Жалпы, жағдай тұрақты. Тауар жетіспеушілігі байқалмайды. Тұрғындар өздері дүрбелең тудырып жатыр. Базар мен «Смолл» сауда орталығында адамдардың көптігіне байланысты тауарлар сөрелерге уақытылы қойылып үлгерілмеген. Жармалар мен ұн бұрынғы баға бойынша сатылуда.
СНХ: ДИМАШ ТАЛАСБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: / Осуществляется мониторинг запасов... «Родина», «Есіл Агро» сынды ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының азық-түлік қоры бақылауға алынған. Сүт өнімдері, картоп пен көкөністер жеткілікті. Жәрмеңкелер өткізілуде.
РКС: Жәрмеңкелерге келер болсақ, кесте бойынша келесісі 20 наурызда өткізілуі тиіс. Бірақ, қазіргі уақытта бұл мәселе ашық күйінде қалып отыр. Республика деңгейінде шешіледі. Еске саларлығы, ел Президенті төтенше жағдайда отандық бизнесті қолдау үшін бірқатар дағдарысқа қарсы шараларды ұсынды. Оның ішінде, орта бизнес өкілдері үшін несие төлемдері 3 айға дейін шегеріледі. Тексеріс жұмыстарының санын азайтып, үшінші тоқсанға арналған салық есептерін тапсыру кейінге қалдырылды.
АЙГҮЛ БЕКЕТҚЫЗЫ, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА. БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ.