ШҰҒЫЛ! МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ Толығырақ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ СЪЕЗІ ӨТТІ

19:40, 25 қараша 2020

ДК: Дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға дейін 2,5 есеге өседі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ  съезінде мәлімдеді.  Жиын барысында партияның бір жылда атқарылған жұмысы қорытындыланды. Сонымен қатар, Нұротандықтар съезде Мәжіліске ұсынылатын соңғы партиялық тізімді пысықтады. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен сьезд онлайн форматта ұйымдастырылды.  Жиынға өңірлік партияның төрағасы Ермек Маржықпаев және  20 делегат қатысты.

РКС: Бүгінде Ақмола облысы бойынша «Nur Otan» партиясының 37 мыңға жуық мүшесі бар. Олардың барлығы ел дамуына өзіндік үлес қосуда. «Nur Otan» партиясы бүгінгі сьезде өзінің сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Онда 258 нақты шара бекітілген. Жоба құны 21 трлн теңге. Жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әсіресе әлеуметтік салаға айырықша көңіл бөлу керектігін атап өтті. Сонымен қатар, еліміздегі саяси күшке ие партияның алдағы уақытта да халықтың игілігіне жұмыс атқаратынын алға тартты. Осы ретте, жергілікті партия мүшелері де көтерілген бастамаларға қатысты өз пікірлерін білдірді.

СНХ: АЙНАГҮЛ БАЛТАШЕВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ// Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастауымен өткен сьезде көптеген мәселелер талқыланды.   Ал, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы алдағы 5 жылға партиямыздың партиялық бағдарламалары бойынша үлкен бастамалар көтерді. Ол бастаманың бірі әлеуметтік жағдай. Яғни, мұқтаж жандарға көмек қолын созу ең басты мәселелердің бірі.  Сонымен қатар, білім саласы, денсаулық саласы, бизнес салалары да айтылды. Қуантарлығы, ауыл мектептерін көтеріп, жаңа 800 мектеп салыну туралы бастама көтерілді. Инклюзивтті бағыттар ескерілетін болады. Сондықтан, сьез мүшесі ретінде алған әсер керемет.

РКС: Білім саласы –басты назарда. Себебі, елдің ертеңгі жарқын болашағы  білімді жастардың қолында. Бүгінде педогог мәртебесі көтеріліп, ерекше назарға алынды. Сьез барысында Мемлекет басшысы ұстаздың жалақысын тағы 2 есеге көбейтуді жүктеді. Сондай-ақ, Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша білім беретін тағы да заманауи  2 озық оқу орны ашылатындығын атап өтті.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
20:42, 26 ақпан 2021
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
17:30, 23 ақпан 2021
ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
18:24, 24 ақпан 2021
27 АҚПАННАН БАСТАП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...