ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

«NUR OTAN»: ТӨМЕН БАҒА КЕПІЛІ – ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫ

22:05, 12 қазан 2021

 

ДК: Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық - түлік құны айтарлықтай қымбаттап барады. Жыл басынан бері баға - 9,6 процентке артқан. Бір қынжылтатыны - бұл жылда қайталанатын жағдай. Оның басты себебі – аграрлы аймақтағы азық - түліктің жетіспеушілігі емес, тұрақтандыру қорларын қалыптастыру бойынша жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауында болып отыр. Бұл көкейкесті мәселелер «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында көтеріліп, жауаптылар сынға алынды.  

ЖКС: Жиында айтылғандай, төмен баға кепілі – тұрақтандыру қоры. Десе де, өңірде мұндай мониторингтік топтың жұмысы көңіл көншітпейді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне кіретін 19 тауардың бағасы шарықтап кеткен. Күнделікті пайдаланатын өнімдердің құнын алыпсатарлар рұқсат етілген шекті бағадан да асыра сатуда. Сегіз айда ең қатты қымбаттағаны – сәбіз. Оның бағасы 40,7%-ға, күнбағыс майы – 29,4%-ға, қырыққабат – 25,7%-ға, картоп – 21,2%-ға, пияз – 19,5%-ға және қант 13%- ға қымбаттаған.

СНХ: ҒАЛЫМ БЕКМАҒАМБЕТОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Әлеуметтік маңызы бар ауыл шаруашылығы өнімдерінің қымбаттауынан тұрғындар зардап шегеді. Күнделікті пайдаланатын сүт, нан, ет бағасы аспандап тұр. Бұл тұрғыда сіздер қандай  шара қолданып жатырсыздар? Оқып тұрған есептеріңіз тек қағаз жүзінде. Ал базарға шығып, дүкен сөрелеріндегі тауар құнына мониторинг жасадыңыздар ма? Аудандарда не болып жатыр? Ал бағаны ұстап тұру үшін әлеуметтік маңызды тауарлар бойынша талдау жасалуы қажет. Бәрін зерттеп барып шара қолданылуы керек! Сылтау таппай қағазбастылыққа берілмей, нақты жұмыс жасаңыздар!

ЖКС: Ғалым Бекмағамбетов аудан әкімдерінің орынбасарлары мен құзырлы органдарға бағаны тұрақтандыру қорын құрып, резервтегі азық-түлік тауарларының нақты көлемін анықтап, өнімді тікелей тауар өндірушілерден төмен бағамен сатып алуды ұсынды. Қабылданған шаралар туралы ақпаратты 1-қарашаға дейін тапсыруды міндеттеді. Айта кетейік, бұл жерде баға тұрақтандыруға облыстық бюджеттен қосымша 500 миллион теңге бағытталатыны -  көңілге медеу болып отыр.  

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...