ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

«НҰРСӘТ» ӘСКЕРИ ЭСТРАДАЛЫҚ АНСАМБЛІНЕ 25 ЖЫЛ

19:58, 22 қараша 2021

ДК: Егемендік алған 30 жыл ішінде отандық музыка әлемдік биіктен көрініп келеді. Ұлттық нақыштағы әндер қатары көбейіп, бірқатар музыкалық өнер ұжымы құрылды. Сондай топтың бірі жергілікті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицерлерінен жасақталған «Нұрсәт» әскери эстрадалық  ансамблі.  Биыл өнер ұжымы өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтуде.

ИНТЕР.ШУМ: АСТАНА ӘНІ

РКС: Дәл осы «Астана» әнімен ансамбль мүшелері Ақордада көрші Ресей мемлекетінің Президетін қарсы алған. Офицерлерден құрылған өнер ұжымына қос Мемлекеттің басшысы риза болып, әндеріне жоғары бағасын беріпті. Жалпы «Нұрсәт» деп айдар таққан бұл топ 1996 жылы құрылған.

СНХ: МҰРАТ РАЙЫСОВ, «НҰРСӘТ» ӘСКЕРИ ЭСТРАДАЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Ол кезде елдегі қарулы күштер қатары көптеген қиындықтарды бастан өткерді. Ән айтып, би билейтін заман емес еді. Десе де, жергілікті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылары арнайы жобаны қолға алып, қызметкерлер арасында осы топты құрды. Бүгінде ансамбль мүшелері патриоттық тақырыпта, халық, отандық және шетел әндерін орындайды.

РКС: Иә, ансамбльдің репертуары бай. Топ мүшелері түрлі аспапта да ойнайды. Бұдан бөлек, жұмыстан тыс уақытта Бурабай аудандық мәдениет үйінде жаңа әндер жазып, өз өнерлерін шыңдайды. Өздерінің мерекелік мерейтойын алғаш өнер ұжымы дәл осы көрікті Бурабай баурайынан бастаған.

СНХ: ЖАНАР НЫҒМЕТЖАНОВА, БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:  «Нұрсәт» тобы бізбен бірге қатарлас жұмыс жасап, еңбек етуде. Топ құрамындағы кей әнші зейнет жасында болса да, мәдениет үйіне келіп дайындықтарын үзбейді. Тәуелсіздіктің 30 жылдағы қарсаңында өздерінің есептік кешін беріп, халықпен кездесуі үлкен жетістік деп есептеймін.

РКС: Әскери эстрадалық ансамбль көптеген республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегері. Мәселен, Сочиде, Мәскеуде өткен сайыстарда бірнеше мәрте лауреат атанған. Топ мүшелері елге өздерінің қалтқысыз қызметінен бөлек, осындай өнерлерімен көтеріңкі көңіл-күй сыйлап жүр. Тәуелсіздікке тарту жасап, әлі де көптеген кеш беруді де жоспарлап отыр.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕРІК МАНАП, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...