ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР 200 ШАҚЫРЫМ АВТОЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

19:37, 21 қаңтар 2022

ДК: Баспанамен қамту, мәдениет және денсаулық сақтау саласына қолдау көрсету. Осы және өзге де мәселелер бойынша бүгін облыс әкімі Ермек Маржықпаев азаматтарды қабылдады. Күн тәртібінде ортаға салынған түйіткілді мәселелер туралы толығырақ тілшіміз Салтанат Сәрсембайқызының бейнематериалында.

РКС: Анжелика Васильева - Көкшетау қаласының тұрғыны. Толғандырған мәселесі – Бұлқышев көшесі, 5-ші үйге қатысты. Дауылдан зардап шеккен көп пәтерлі үйінің шатырынан су ағады. Айтуынша, жөндеу жұмыстары сапасыз жасалған. Облыс әкімі жауапты органдарға мәселені көктемге қалдырмай шешуді тапсырды.

СНХ: АНЖЕЛИКА ВАСИЛЬЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:  Біз барлық жерге бардық. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына да,Нұр Отанға да бардық. Көктемде жөндеп береміз деді. Бірақ 6ай өтіп кетті. Ешқандай нәтиже жоқ.Тек сөзбен ғана жылы шығарып салады.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Көктемге қалдырмаңыздар. Қыс кезінде де шатырды  ауыстыруға болады деп есептеймін.Осы мәселені шешіңіз.+слк+Компания тегін жөндемеді ғой. Жұмыстарын сапалы орындау керек. Нысан шағын ғана.Сол себепті уақытылы орындалыуы керек.

ЖКС: Келесі кезекте қабылдауға келген мәдениет саласының өкілдері желтоқсан оқиғасының құрбандарына ескерткіш орнату туралы өтінішін білдірді.

СНХ:ДАУРЕНБЕК ЖАРЫЛҒАСОВ, «ЖЕЛТОҚСАН 1986-АҚМОЛА» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Өткенде арыз жазып кеткенбіз. Мына ауған соғысы ардагерлеріне, Чернобыльск, Желтоқсан оқиғасы бар сол оқиғаларға байланысты жастарға үлгі ретінде бір  ескерткіш қойса деген үмітіміз бар. Бұл желтоқсан батырларына құрмет қана емес, олардың ерліктерін мәңгі есте сақтау, болашақ ұрпаққа жеткізу.+скл+Біз желтоқсандықтардың мақсатымыз осындай.

РКС: Әрбір тұрғынның мәселесіне жіті назар аударған Ермек Маржықпаев жауапты басқарма жетекшілеріне көтерілген мәселелердің заң аясында шұғыл түрде шешілуін тапсырды.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ,ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ , КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АЗ
18:38, 26 мамыр 2022
АУДАНҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АЗ
Толығырақ...
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
18:37, 26 мамыр 2022
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВА...
Толығырақ...
 БИЗНЕСТЕГІ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
18:35, 26 мамыр 2022
БИЗНЕСТЕГІ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫС БЕРУШІ-ТҮЛЕК: ӨҢІРДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА МАМАНДАР ТАПШЫ
20:40, 20 мамыр 2022
ЖҰМЫС БЕРУШІ-ТҮЛЕК: ӨҢІРДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА МАМАН...
Толығырақ...
ОТАНЫМ – ӘНІМДІ САҒАН СЫЙЛАЙМЫН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ
20:42, 20 мамыр 2022
ОТАНЫМ – ӘНІМДІ САҒАН СЫЙЛАЙМЫН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛ...
Толығырақ...
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:38, 20 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...