ШҰҒЫЛ! ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН БЕРМЕК Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ

14:19, 27 қаңтар 2021

ДК: Жылу беру маусымы басталғалы өңір тұрғындарынан көптеген шағым түскен. Олардың басым бөлігі пәтерлердегі жылудың жетіспеушілігіне наразы. Әсіресе, әлеуметтік желілерге жарыса жазған жандардың пікірі соған дәлел. Шағымданған тұрғындар арасында бурабайлықтар да бар. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев осы мәселенің мән-жайын білу үшін аудандағы жылу қазандығына арнайы барып, жұмыс  барысын тексерді.

РКС:Бурабай  кентіндегі бұл жылу қазандығы 2019 жылы іске қосылған. Бүгінде 1500 пәтер мен 200-ге жуық жеке сектор орталықтандырылған осы жылу жүйесіне қосылған. Десе де, қазандықтың жұмысына көңілі толмайтын тұрғындар көп. Олар әлеуметтік желілер арқылы облыс әкіміне өз шағымдарын жеткізген.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///аударма/// Біз мұнда арнайы келдік. Жоспар бойынша бұл жер жоқ еді. Себебі сіздерге деген шағым көп. Сіздер маған жүгінген тұрғындардың шағымдарын көріңіздер ме? Менің инстаграмымды  ашып қарасаңыздар көздеріңіз жетеді. 10 күн уақыт берем. Олқылықтың орнын толтырыңыздар.

РКС: Ал, жергілікті билік өкілдері болса мәселеге басты себеп қазандыққа қосылғандар саны  едәуір артқандығын  жалау етуде.

СНХ: САБЫР ЖАМҰҚАНОВ, БУРАБАЙ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ//аударма/// Бурабай ауылында әлеуметтік нысандар мен ғимараттар саны көбейіп келеді. Осыған байланысты қазандыққа айтарлықтай күш түсуде.  Міне, содан бірнеше мәселе туындап отыр. Оны жасырмаймыз. Сосын да жылу деңгейі азайып, тұрғындар шағым жасауда.

РКС: Бүгінде жылу қазандығы жаңартылып жатыр. Алдағы уақытта оның қуаты екі есеге артпақ. Сол кезде тұрғындар мәселесі шешіледі,-дейді мамандар. Сонымен қатар, өңір басшысы аудан орталығындағы жолаушылар вагонын жөндейтін серіктестіктің де жұмысымен танысты. 2004 жылы ашылған жұмыс орны жыл санап өрістеп келеді.

РКС: Бүгінде серіктестік бір мезетте 15 вагонды істеп, жөндеуге қауқарлы. Қазіргі таңда мұнда 200-ге жуық қызметкер жұмыс істейді.

СНХ:ДМИТРИЙ СОЛОДОВ, СЕРІКТЕСТІК ҚЫЗМЕТКЕРІ// Біз айына 30-35 вагон жөндейміз. Ал,  жылына ол көрсеткішті 400-ге дейін жеткіземіз. Жолаушылар вагонынан бөлек, қызметтік вагондарды да істейміз.

РКС: Бурабайлықтар үшін тағы бір қуанышты жаңалық. Аудан орталығынан еңселі спорт ғимараты бой көтермек. Нысан құрылысы мамыр айында басталмақ. Жоба кұны  2 млрд теңге.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ///аударма/// Бұл қалада мықты спортшылар көп болғанымен, лайықты спорт кешені жоқ. Сондықтан біз арнайы көріп кетейін деп келдік. Жобалық-сметалық құжаттар дайын. Енді жұмысты бастау керек.

РКС:Айта кету керек,  спорт кешені 2022 жылы пайдалануға берілмек. Бұл аудандағы бұқаралық спорттың дамуына үлкен сеп болары даусыз.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН,«КӨКШЕ-АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ЕКІ ПОЛИЦЕЙДІҢ ӨЛІМІНЕ ӘКЕЛГЕН ЖОЛ АПАТЫНА КІНӘЛІ ЖІГІТ СОТТАЛДЫ
20:08, 3 наурыз 2021
ЕКІ ПОЛИЦЕЙДІҢ ӨЛІМІНЕ ӘКЕЛГЕН ЖОЛ АПАТЫНА КІНӘЛІ ЖІГІТ СОТТ...
Толығырақ...
ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТҚАН
20:06, 3 наурыз 2021
ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар