ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

20:14, 6 маусым 2022

ДК: Бурабай ауданындағы спорт сарайының құрылысы қарқынды. Қазіргі таңда нысанның қабырғалары көтеріліп, төбесі жабылған. Спорт кешені келесі жылы ел игілігіне беріледі деп жоспарланған. Жоба құны 2,3 млрд.теңге. Ауданға жұмыс сапарымен барған өңір басшысы Ермек Маржықпаев спорт сарайының құрылысымен танысты.

РКС: Бурабай – Қазақстанның інжу маржаны. Сол себепті курортты аймақты көркейту маңызды іс. Себебі жыл сайын республика тұрғындарын былай қойғанда, шетел асып келетін туристар саны жетерлік. Осы мақсатта салынып жатқан спорт сарайы ауқымды ірі жоба. Құрылыс өткен жылы басталған. Өңір басшысы құрылыстың сапасын оң бағалап, қаржы жағымен қолдайтынын жеткізді.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:  Биыл біз сіздерге 550-600 млн.теңге береміз. Жұмыстарынды жалғастыра беріндер. Күзге қарай сосын тағы қараймыз. Но негізі дұрыс. Жұмыстарыңыздың сапасы жаман емес сияқты.

РКС: Жалпы аудандағы құрылыс қарқыны жаман емес. Әсіресе соңғы жылдары бұл жұмыс тіпті жандана түскен. Бұл аудан әкімінің сөзі. Қазіргі таңда аудан орталығында 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысы да басталған. Оған облыстық қазынадан 1,7 млрд.теңге бөлініпті.

ЕСТ.ШУМ

РКС: Бұдан кейін, құрылыс қарқынын бағамдаған облыс әкімі Ермек Маржықпаев  аудан тұрғындарымен кездесті. Облыстағы ілкімді істерді айтып, осы жылғы ауқымды жобалармен таныстырды. Әдеттегідей жергілікті бұқараның базысына да құлақ түрді. Жиналған халық өңір басшысына аудан орталығындағы жолдарға қатысты сын айтты. Өткен жылы жөнделген жолдардың бүгінде тоз-тозы шыққан.

ЕСТ.ШУМ: Мен күн сайын сол жолдармен жүрем. Сапасы жоқ. Қараша айында салынған жолдан түк қалмады.

СНХ: ӘСЕТ МҰЗДЫБАЕВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Конкурс кеш жарияланды. Сол себепті жұмыс кеш басталды. Ал, ол құрылысқа біздің қатысымыз жоқ. Қаржысын біз төлеген жоқпыз. Қазіргі таңда мердігерлермен сөйлестік. Олар олқылықтардың орнын толықтырады.

РКС: Жол, жарық, ауыз су және жайылым жер. Әкімнің жеке қабылдауына жазылған тұрғындар осы мәселелерді көтерді.

ЕСТ.ШУМ: Біздегі қазіргі қиын жағдай су мәселесі. Өте қиын. Соны биыл қозғасаңыз.

РКС: Облыс әкімі бұл мәселелерді бір күнде емес, кезең-кезеңімен шешу керек екенін жеткізді. Сондай-ақ, аудан әкіміне  ауылдардың әлеуетін көтеріп, тұрғындармен жиі кездесу өткізіп тұруды тапсырды. Ал, жеке қабылдауда көтерілген мәселелерге қатысты тиісті сала мамандарына арнайы тапсырма беріп, өз бақылауында ұстайтынын атап өтті.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...