ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

18:45, 7 қазан 2021

 

ДИКТОР: Облыс әкімі Ермек Маржықпаев азаматтарды қабылдады. Өңір басшысының алдына келген тұрғындар жеке бастарының, туған ауылдарының мәселелерін ортаға салды. Қабылдауда көтерілген барлық мәселелердің шешілу жолдарын қарастырған өңір жетекшісі тиісті органдар мен жауапты тұлғаларға нақты тапсырма берді. Тілші бейнематериалында толығырақ.  

РКС: Жалғыз басты ана Индира Нұрмағамбетованың кәмелеттік жасқа толмаған 3 баласы бар.  Өзі де жетім бала ретінде 2013 жылдан бері баспана кезегінде тұр. Осыдан бірнеше жыл бұрын Индираның отбасына уақытша баспана беріліпті. Алайда, тұрғын үйді жалдау туралы шарт жасалмаған. Шағымымды айтып, әкімдіктің табалдырығын тоздырдым дейді,-Индира.

СНХР: ИНДИРА НҰРМАҒАМБЕТОВА – КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Маған 2019 жылы уақытша баспана берілді. Алайда, келісім шарт жасасқан жоқпыз. Ал, сол мекен-жайға тіркеуге тұру үшін келісім-шарт керек. Осы мәселемен әкімдікке, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына талай рет бардым. Сұрақ шешілер емес.

РКС: Өңір басшысы сұрақтың шешілуіне не кедергі болғанын қала әкімінен сұрады. Бауыржан Ғайсаның айтуынша, Индира тұрып жатқан пәтер әкімдік балансында емес. Сондықтан, жақын арада басқа баспана беріледі деп сендірді. Қанай би ауылының тумасы Ерік Әубәкіров болса, жерлестерінің өтінішімен келіпті. Зейнеткердің айтуынша, ауыл тұрғындары ҰОС ардагерлерінің есімдері жазылған мемориалды тақта орнатқылары келеді. Тіпті, бұл мақсатқа қажетті қаражатты да өз күштерімен жинап қойыпты. Енді, жер бөлініп, құрылыс жұмыстары басталса дейді. Азаматтарды қабылдауға онлайн қосылған Зеренді ауданының әкімі Әсен Жақсылықов 9 – мамырға дейін мәселені шешеміз,- деді.  Ал, «Бурабай» республикалық оңалту орталығының директоры Саттар Әбдіғұлов аудан тұрғындарын баспанамен қамтуды көздейді.

СНХР: САТТАР ӘБДІҒҰЛОВ – «БУРАБАЙ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:«Оқжетпес-Көркем» балалар шипажайында қазандыққа арналған жер бар. Бізге сол жердің орнына басқа аумақтан 1 га жер берсе деген өтінішімізді білдіріп, министрлікке де хат жолдағанбыз. Қазіргі таңда, 30 отбасы баспанаға қатты зәру. Жер болса, үй салып, тым болмаса, 10 жанұяның мәселесін шешіп берер едік.

РКС: Ермек Маржықпаев аудан әкімімен келісіп, мәселенің оң шешімін табуына көмектесетінін айтты.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...