ШҰҒЫЛ! ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ

22:35, 26 қараша 2021

ДИКТОР:  Тәуелсіздік алғалы өңірде 35 ірі және орта кәсіпорын ашылып,  7 млн шаршы метр баспана ел игілігіне тапсырылған.  Бұл туралы  Мемлекет басшысының жолдауы аясында өңірдің дамуына арналған брифинг барысында облыс әкімі Ермек Маржықпаев мәлімдеді. 

РКС:  ӨңірдеТәуелсіздікжылдары ашылған 35 кәсіпорынның ең ірісі- алтын өндіретін «Aksu Technology» өнеркәсіп ошағы.  Жылына 5 млн тонна алтын өндіре алады.   Ал,  облыстағы кірпіш өндірісінің қуаттылығы соңғы 10 жылда 10 есеге артқан.  Ауыл шаруашылығы саласында да ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер баршылық. Ермек Маржықпаев аграрилердің алдында суармалы жерлердің үлесін арттыру мақсаты тұрғанын атап өтті. 

СНХ:  ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ,  АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:  Облысымыз – негізгі ауыл шаруашылық өңірлердің бірі.Жалпы республикалық ауыл шаруашылығы өніміндегі біздің үлесіміз шамамен 11% (он бір пайызды) құрайды (10,6%). Қолайсыз ауа райына қарамастан, облыс диқандары  гектарынан 8,8 (сегіз де сегіз) центнер түсімінде  шамамен 4 (төрт) млн.тонна астық жинады. Суармалы жерлердің  көлемін ұлғайту бойынша  жұмыс жалғасып, қазір 30 (отыз) мың гектарға жетті. 

 

РКС: Әрине, өңір басшылығының басты міндеті мен мақсаты тұрғындардың әл-ауқатын, өмір сапасын жақсарту. Бұл ретте, баспана мәселесі алдыңғы саптағы сұрақ. Ермек Боранбайұлының баяндамасынан белгілі болғандай, жыл соңына дейін 655 мың шаршы метр баспананы ел игілігіне тапсыру жоспарланған. Бұл, шамамен, 5 мыңнан астам пәтер. Бюджеттен миллиардтаған қаражат құйылатын негізгі сұрақтардың тағы бірі - жол. Осы жылы жергілікті маңызға ие жолдардың 789 шақырымы жөндеуден өткен.

СНХ:  ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ,  АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:  Соңғы бес жылда жергілікті  маңызға ие 2400 шақырым жол жөнделді. Оның, шамамен, 800 шақырымы ауылды жерлердің жолдары. Осылайша, біз соңғы кездері жол құрылысы бағытында біршама алға жылжылдық.

 

 

РКС: Денсаулық сақтау саласына келер болсақ, бұл бағытта да тұрғындарды жағымды жаңалықтар күтіп тұрған сыңайлы. Ермек Маржықпаев биыл Қосшы қаласында емхананың,  Қараөткел ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталатынын айтты. Сонымен қатар,  2022-2024 жылдары облыс орталығында 630 орынға шақталған көпсалалы аурухана бой көтермек. Баяндамасын оқығаннан кейін өңір жетекшісі БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:  Сүлейменов көшесіндегі көпірдің құрылысын мамыр айында бастадық. Қараша-желтоқсанда аяқтаймыз деп жоспарлағанымыз рас. Бірақ,құрылыс материалдарының қымбаттап кетуіне байланысты жұмыс қарқыны бәсеңсіп қалды. Дегенмен, жақын арада көпірдің бір бөлігін пайдалануға беруді көздеп отырмыз.

РКС:Брифингке қатысқан журналистер облыс әкіміне түрлі бағыттағы сұрақтар жолдады. Төртінші билік өкілдерін қарапайым халықты алаңдататын сапалы ауыз су,  дәрігерлер тапшылығы, Көкшетаудағы Қопа көлінің тазалығы сынды өзекті мәселердің шешілу жолдары қызықтырды. Ермек Боранбайұлы әрбіріне жеке-жеке тоқталып, нақты жауап берді.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, БЕРІК МАНАП «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
19:58, 27 қаңтар 2022
ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
Толығырақ...
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
19:57, 27 қаңтар 2022
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
Толығырақ...
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
19:56, 27 қаңтар 2022
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...